AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатт...

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

Мәдени Алматы Бүгін 18:52 33 yakiya
Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды
Алматы әкімдігі

Алматыда мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Алматыда мәдениет және өнер саласы өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында қызметкерлерге мемлекеттік және ведомстволық марапаттар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамоталары, сондай-ақ Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының атынан Алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов мәдениет саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар азаматқа мемлекеттік және ведомстволық марапаттарды табыстады.

Іс-шара барысында ол мәдениет пен өнер саласының қоғамның рухани дамуына зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

«Сіздер сахнада да, сахна сыртында да қалам мен қылқалам, музыка мен би, театр мен кино арқылы қоғамның рухани жаңғыруына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өлшеусіз еңбек сіңіріп келесіздер. Мәдениет саласының дамуына қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін», – деді ол.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласындағы елеулі еңбегі және ел алдындағы айрықша қызметі үшін Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің басшысы Райхан Сахыбекқызы Имаханбет «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ, «Алматы әуендері» шығармашылық бірлестігінің солисі Абзал Серғазыұлы Арықбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Еңбек ардагері» медалімен келесі сала мамандары марапатталды:

Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің ғылыми қызметкері Шара Әбікенқызы Боздақова;

Қазақ мемлекеттік циркінің цирк нөмірлерінің жетекшісі Құрманғали Мұқашұлы Досбатыров;

«Дәуір» баспасының электромеханикалық цехының бастығы Жамал Камалұлы Момышов;

«Атамұра» баспасының жетекші редакторы Ирина Федоровна Самойлюк;

Мәдениет саласының ардагері Гүлнәр Құдабаева;

«Мектеп» баспасының кітап сату және тарату бөлімінің маманы Мәрзия Түсіпжанқызы Манабова;

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, әнші, термеші Бибажар Маханбетова.

Сонымен қатар «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен:

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Архивтер және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Алмаз Қайырылбекұлы Сартаев;

«Алматы әуендері» концерттерді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Меруерт Бақытжанқызы Мұхамеджанова;

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері Саттар Қожамбиұлы Ерубаев пен Оңдасын Иманғалиұлы Бесікбасов;

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультетінің профессоры Досбол Сүлейменұлы Байғұнаков;

«Алматы әуендері» сахнаның техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы Әділ Тұманбекұлы Теміржанов;

«Art Forum of Kazakhstan» халықаралық шығармашылық ұйымының сарапшылары, Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының оқытушылары Гүлнәр Әнуарбекқызы Қасымова мен Дина Тұрлықожақызы Базарова марапатталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның атынан бірқатар сала маманына Құрмет грамоталары табысталды. Атап айтқанда:

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының библиографы Айжан Бектенқызы Илгитаева;

«Дәуір» баспасының терім цехының басшысы Светлана Қасымқанқызы Мамытқанова;

Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қорларды сақтау және есепке алу бөлімінің қор сақтаушысы Алмас Сатыбалдыұлы Сейсекенов;

Мемлекеттік қуыршақ театрының артисі Гүлвира Жұмақанқызы Бейсембаева марапатталды.

Министрдің атынан Алғыс хатпен:

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының артисі Кенжегүл Ілиясқызы Жорабаева;

театрдың әдебиет бөлімінің маманы Ардақ Оразғалиұлы Беркімбаев;

«Алматы әуендері» шығармашылық бірлестігінің «AlJazz Symphony» эстрадалық-симфониялық оркестрінің аспапшы-артисі Сергей Викторович Голивец марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәдениет және өнер қызметкерлері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57

Ясауи мұрасы және түркі руханияты

Бүгін 17:15

Алматыда бизнес нысандарынан шығатын зиянды қалдықтарға бақылау күшейтілді

Бүгін 15:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);