AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда мәдени қос мереке: Ұлттық кітап күні мен...

Алматыда мәдени қос мереке: Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні атап өтілді

Мәдени Алматы 23.04.2026, 15:25 206 yakiya
Алматыда мәдени қос мереке: Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні атап өтілді

Сала мамандары мен зиялы қауым өкілдерінің басын қосқан бұл жиын кітапхана ісінің қоғамдағы маңызы мен мәртебесін айқындай түсті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бүгін Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Alatau Creative Hub орталығында мәдениеттің жаршысына айналған айтулы қос мереке – Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты салтанатты іс-шара өтті.

Алқалы жиынға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшылығы, мәдениет және өнер қайраткерлері, кітапхана ісінің ардагерлері, сондай-ақ, еліміздің әр өңірінен келген кітапхана басшылары мен мамандары қатысты. Сонымен қатар, АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығының қоғамдық дипломатия бөлімінің маманы Корина МакГрегор құттықтау лебізін жеткізді.

«Бүгін әдебиет пен мәдениеттің қос қазынасы тоғысқан ерекше күн. Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні құтты болсын! Кітап – қоғамның рухани әрі зияткерлік дамуының негізі, ал кітапханашы – білім мен мәдениетке жол көрсететін тұлға. Сондықтан сіздердің еңбектеріңіз әрдайым жоғары құрметке лайық. Кітап оқуға деген қызығушылық ешқашан бәсеңдемесін, ал қызметтеріңіз жаңа жетістіктермен толыға берсін. Мереке құтты болсын!», - деді жиналған қауымды қос мерекемен құттықтаған Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Әлиев.

Іс-шара барысында марапаттау рәсімі өтіп, кәсіби жетістіктері үшін Алматы қаласы әкімінің және Мәдениет басқармасы басшысының атынан алғыс хаттар табысталды. Бұл марапаттар кітапхана ісінің дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлер мен үздік мамандарға берілді.

«Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен және кітапханашылардың кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Кітап пен кітапханаға деген құрмет күн санап артып келеді. Сіздердің ұлттық сана мен рухани құндылықтарды нығайту жолындағы жүйелі еңбектеріңіз ерекше бағалауға лайық. Маңызды әрі жауапты қызметтеріңіз үшін шынайы алғыс білдіремін», - деп жиналған қауымды мерекемен құттықтаған жазушы Бауыржан Жақып.

Іс-шара әдебиет пен мәдениетті ұлықтап, кітаптың ұлттық құндылық ретіндегі маңызын тағы бір мәрте айқындады. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы кітапхана институтының жоғары мәртебесін айшықтап берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық кітап күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Бүгін 13:39

584 педагог пен 3676 оқушы: Алматыдағы пилоттық жоба алғашқы нәтижесін көрсетті

Бүгін 13:36

Алматыда жазғы маусым ашық аспан астындағы үлкен концертпен ашылды

Бүгін 11:48

Қазгидромет тоғыз қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 10:09

Жел, жаңбыр, аптап: Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);