AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Алматыда күндіз найзағай ойнап жаңбыр жауады

Алматыда күндіз найзағай ойнап жаңбыр жауады

Керек кеңес 07.04.2025, 10:33 762 Bakyt
Алматыда күндіз найзағай ойнап жаңбыр жауады
Сурет ЖИ

Бүгін Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн күрт бұзылады. Синоптиктер бұл өңірлерде қатты жаңбыр жауып, өзендердегі судың деңгейі күрт көтерілетінін ескертті. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды. «Қазгидромет» мамандары су тасқыны қаупінің күшеюіне қардың еруі мен жауын-шашынның көп мөлшерде түсуі себеп болып отырғанын айтады.

14 облыста дауылды ескерту жарияланды

Метеорологтардың дерегінше, бүгінгі күні елдің бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл қатарда Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Қостанай, Жетісу және Ақмола облыстары бар. Негізгі қауіп факторлары – тұман, найзағай және қатты жаңбыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті әкімдіктер тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе, су тасқыны қаупі бар елді мекендерде эвакуация жоспары әзірленіп, бөгеттер мен су қоймаларының жағдайы қатаң бақылауға алынған.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы

Астанада бүгін күндіз +17–19 °C, түнде +6–8 °C болады. Кей уақытта жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 7–12 м/с шамасында.

Алматыда ауа температурасы күндіз +21–23 °C, түнде +11–13 °C шамасында. Таңертең және күндіз найзағайлы жаңбыр жауады, түнде жауын-шашын болмайды. Жел 5–10 м/с, найзағай кезінде 15–20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Шымкентте ауа райы біршама жайлырақ: күндіз +25–27 °C, түнде +11–13 °C. Жауын-шашын күтілмейді. Алайда жел күшейіп, 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #найзағай #Жаңбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);