AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда көру қабілеті бұзылған жандарға арналған...

Алматыда көру қабілеті бұзылған жандарға арналған вокалдық байқау өтті

Барлығы 13.12.2025, 12:47 733 dulatbekova
Алматыда көру қабілеті бұзылған жандарға арналған вокалдық байқау өтті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының кіші залында Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні мен Халықаралық зағиптар күніне орай «Мен сені сүйем, Өмір» атты вокалдық байқау өтті.

Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Байқауды «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Байқауға қаланың мәдени және қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген көру қабілеті бұзылған Алматы тұрғындары қатысты.

Байқауға барлығы он үш қатысушы қатысып, жүзден астам көрермен жиналды.

 «Зал өнерпаздарды қолдауға келген халықта қисап жоқ. Көрермен олардың өмірге деген құштарлығы мен рухының биіктігін, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға деген талпынысын жоғары бағалады. Бұл байқау Алматыда әрбір тұрғынның, өмірлік жағдайына қарамастан қабілетін ашуына мүмкіндік берілетінін айқындай түсті», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағылар.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Кристина Желудковаға бұйырды. Бірінші орынды Асылбек Қуанышқалиев иеленсе, екінші орындарды Динара Ешнияз бен Зиямат Мусаев бөлісті. Ал үшінші орынды Кристина Крамаренко, Айжан Жолдыбекова және Владимир Умеровке місе тұтты.

Ұйымдастырушылар мұндай игі бастамалар ерекше қажеттілігі бар жандарды қолдауға, сондай-ақ олардың қоғамның мәдени және қоғамдық өміріне белсенді араласуына зор ықпал ететінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көру қабілеті бұзылған жандар #Вокалдық байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Бүгін 22:31

Елзат Ескендірдің «Әбілі»: өтпелі кезеңнің көркем келбеті

Бүгін 21:33

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына Президенттің БАҚ саласындағы Алғысы берілді

Бүгін 18:46

Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

Бүгін 18:31

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды

Бүгін 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);