AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда көпқабатты көлік тұрағы бола ма?

Алматыда көпқабатты көлік тұрағы бола ма?

Барлығы 18.01.2025, 16:37 891 yakiya
Алматыда көпқабатты көлік тұрағы бола ма?
ЖИ көмегімен салынған

Бірнеше жыл бұрын Алматы билігі көпдеңгейлі автотұрақ жобасын таныстырған болатын. 

"Алматы паркинг" өкілдерінің айтуынша, жоба жабылған жоқ, деп хабарлайды aqshamnews.kz

"Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, Алматының құрылыс басқармасы 2023 жылдан бастап алғашқы коммуналдық капиталды автотұрақ құрылысын аяқтауға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр. Нысан "Көктем-3" шағынауданында орналасады", – деп хабарлады компания.

Жоспар бойынша автотұрақ 207 автокөлікке арналған орындарды қамтиды және қаладағы электромобильдерге арналған зарядтау станцияларымен жабдықталған алғашқы тұрақ нысаны болмақ. Алайда, өкілдердің айтуынша, негізгі мәселелердің бірі – резервтік электрмен жабдықтау қуатының жеткіліксіздігі.

"Бұл мәселені шешу үшін 2024 жылдың қазанында дизельді генераторлық қондырғы (ДГҚ) орнату туралы шешім қабылданды. Қазір ДГҚ орналасатын учаскенің актісін алу үшін жерге орналастыру жобасы әзірленіп жатыр. Сонымен қатар, сыртқы электр желілерін қосуға арналған инженерлік дәлізді қала жоспарлау және урбанистика басқармасымен келісу қажет", – деп мәлімдеді "Алматы паркинг".

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көпқабатты автотұрақ #Алматы #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:33

Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді

Бүгін 12:17

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика