AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда кітап алуға келген тұрғындар ұзын-сонар к...

Алматыда кітап алуға келген тұрғындар ұзын-сонар кезекке тұрды

Алматы Бүгін 15:44 45
Алматыда кітап алуға келген тұрғындар ұзын-сонар кезекке тұрды

Әлеуметтік желіде Алматыдағы кітап дүкенінің алдында ұзын-сонар кезекке тұрған тұрғындар мен оқырманға лық толы кітапханалардың видеолары тарады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Желі қолданушылары жастардың кітап оқуға деген қызығушылығына сүйсініп, өздері жиі баратын кітапханаларда да бос орын табу қиын екенін айтып жатыр.

Кадрлардан кітап дүкеніне келген адамдардың ұзын-сонар кезекке тұрғанын көруге болады. Жазба авторының айтуынша, дүкенде кітаптарға 50% жеңілдік жарияланған. Осы мүмкіндікті пайдаланғысы келген алматылықтар кітап сатып алу үшін кезекке тұрған.

«Бір кітап оқи қояйын деп едім, бүкіл Алматы сондай шешімге келіпті ғой», – деп әзілдеді желі қолданушыларының бірі.

Ал тағы бір тұрғын кітап алуға келген жұрттың бір-біріне деген сыйластығына назар аударды. Оның айтуынша, адамдар ешқандай айғай-шусыз кезек күтіп, қажет кезінде бір-біріне көмектесіп жүрген.

«Жандарым, момақан болып кезек күтіп тұрғандарын айналдым. Еш айғай-шусыз, ұрыс-керіссіз кітаптарын алып, мәз болып шығып жатыр ұлы да, қызы да. Естігендерім тек: "Кешіріңіз, өтіп кетсем бола ма?", "Анау кітапты алып беріп жібересіз бе?", "Мына кітапты көрейін деп едім?". Кітап оқитын ұрпақ», – деп жазды ол.

Кітап дүкеніндегі кезек қана емес, Алматы кітапханаларындағы қарбалас та пікір білдірушілердің назарын аударды. Әлеуметтік желіде А.П. Чехов атындағы орталық қалалық кітапхананың кешкі уақытта түсірілген видеосы жарияланды. Кадрлардан оқу залында бос орын қалмағанын, жастардың кітап оқып, өз істерімен айналысып отырғанын байқауға болады.

«Алматыдағы кітапхана күн сайын кешкі уақытта осылай көрінеді», – деп жазды видео авторы.

Бұл көрініс желіде қызу талқыланып, көптеген тұрғын өздері баратын кітапханаларда да осындай жағдай екенін айтты. Мәселен, Әуезов атындағы кітапханаға демалыс күндері жиі баратын тұрғын таңертең ерте келмесе, бос орын табу қиын екенін жеткізді. Оның сөзінше, кітапханада бірі жеке дайындалып, енді бірі топтасып шет тілдерін үйренетін жастар көп.

«Мұндай көрініс мені де қуантады. Демалыс күндері Әуезов атындағы кітапханаға барамын. Таңертеңнен орын алып қоймасаң, бос орын таппайсың. Жастардың білім алып, сабақ оқып отырғанын көру қандай жақсы! Бірі топ болып ағылшын тілін үйреніп жатса, енді бірі өз бетінше дайындалады. Тіпті газет оқып отырған ақсақалды да көрдім», – деп бөлісті ол.

Тағы бір тұрғын қызының да сабаққа дайындалу үшін кітапханаға жиі баратынын айтты. Оның сөзінше, қызы үйде отырып сабақ оқығаннан гөрі кітапханадағы ортаны қолайлы көреді. Сондықтан бос орын болмай қалмас үшін ертерек баруға тырысады.

«Менің қызым да кітапханаға барып дайындалады. Орын болмай қалады деп ерте барады. Үйде дайындала алмайтынын айтады», – деп жазды ол.

Ал Жамбыл атындағы кітапханаға жиі баратын оқырмандар мұнда жастардың таң атқанша отырып дайындалатынын айтып жатыр.

«Мен үнемі Жамбыл кітапханасында боламын. Көптеген студент пен жұмыс істейтін адамдар түні бойы отырады, таңғаламын. Ол жер тәулік бойы жұмыс істейді», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Кейбір қазақстандықтар студенттік шағын еске түсірді. Бір тұрғын құрбыларымен бірге Ұлттық және Жамбыл атындағы кітапханаларда емтиханға дайындалып, кейде түні бойы сабақ оқыған кездерін сағынышпен жазды. Оның айтуынша, кітапханадағы тыныштық пен білімге ұмтылған жастардың ортасы адамның өзіне де ерекше жігер береді.

«Оқуды бітірер кезде құрбыларымызбен Ұлттық және Жамбыл атындағы кітапханадан шықпайтынбыз. Атмосферасының өзі сабақты одан да жақсы оқуға ынталандыратын. Кейде сабақтан шыға сала кітапханаға барып, түні бойы дайындалып, келесі күні қайта сабаққа баратын едік. Сол кезден-ақ жастардың білімге құштар екенін білемін. Шыңдалуымызға үлес қосқан кітапханаларға үлкен алғыс», – деп жазды ол.

Тағы бір тұрғын бұрын студенттердің қажетті ақпаратты кітап, газет-журналдардан іздеп, орыс тіліндегі материалдарды қазақшаға аударып оқығанын айтты. Ол кезде интернет болмағандықтан, кітапхана білім іздеген жастардың басты мекені болған.

Ал кейбір желі қолданушылары цифрлық технология дамыған заманда да кітапханалардың маңызын жоғалтпағанына қуанышты екенін жеткізді. Олар қазір кітапханалардың заманауи жабдықталуы, интернет пен компьютерлердің қолжетімді болуы да жастардың көптеп келуіне ықпал етіп отыр деп есептейді.

«Кітапханалардың адамға толы екенін көру қандай бақыт! Қазір кітапханалар да заманға бейімделген. Заманауи дизайн, интернет, компьютерлер бар. Мен де кезінде кітапханадан шықпайтынмын. Бірақ ол уақытта интернет жоқ, тек кітаптар болатын. Қазір кітапханалардың дәуірі өтті деп ойлап едім. Сөйтсем, олай емес екен. Бұл қандай керемет!» – деп жазды тұрғындардың бірі.

Кітапхананы тек студенттер ғана емес, жұмыс істейтін және жұмыс іздеп жүрген тұрғындар да пайдаланады. Мәселен, желі қолданушыларының бірі жұмыссыз жүрген кезінде кітапханаға барып, сол жерде білімін жетілдіріп, бос жұмыс орындарына өтінім жібергенін айтты. Ол кітапханалар бүгінде кітап оқитын орын ғана емес, тыныш отырып жұмыс істеуге және жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беретін қолжетімді кеңістікке айналғанын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

Бүгін 16:32

Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады

Бүгін 16:28

Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі

Бүгін 15:52

Алматыдағы Аймауытов көшесінде жаңа серуендеу аймағы көркейтілді

Бүгін 15:29

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);