AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған ха...

Алматыда Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр

Мәдениет 02.10.2023, 06:13 1,357
Алматыда Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр
Сурет: Adyrna.kz

Алматыда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, журналист Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай «Қазақ детектив жанрының дарабозы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.



Алқалы жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінің шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Шара барысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының құттықтау сөзін оқып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Конференцияда еліміздегі детектив жанрының дамуы мен ерекшелігі, «Қазақ детективінің атасы» атанған жазушы Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер мен тың тұжырымдар талқыланды.


Сарапшы ғалымдар Кемел Тоқаев тек қазақ детектив жанрының ғана емес, Орталық Азия әдебиетінде осынау бірегей жанрдың дамуына ерекше үлес қосқан жазушы екенін атап өтті.


Қырғызстан жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Қалыбеков, Қырғызстанда Кемел Тоқаевтың музейін ашуды ұсынды.




«Отызыншы жылдардағы қазақ пен қырғыздың басынан өткен қиын тағдырды сол музей аясында көпшілікке таныстыруға болар еді», - деді Нұрлан Қалыбеков.




"Маьнавият ва маьрифат» республикалық орталығының жетекшісі, Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі Минхожиддин Ходжиматов қазір Өзбекстанда қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын аудару ісі қарқын алғанын, Кемел Тоқаевтің 100 жылдығы қазаққа ғана емес, өзбекке де ортақ мереке екенін жеткізді. Сондай-ақ, өзбек тілінде аударылған Кемел Тоқаевтың кітабын Қазақстан Жазушылар одағына сыйлады.


Конференция аясында «Қазақ детектив жанрының негізін қалаушы», «Отан үшін от кешу», «Журналист – қоғамның айнасы, құлағы һәм тілі» атты тақырыптық секциялар ұйымдастырылды.


Конференция қорытындысы бойынша спикерлер мен сарапшылардың баяндамалары арнайы жинаққа басылып шығады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Кемел Тоқаев #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Кеше 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Кеше 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Кеше 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Кеше 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Кеше 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);