AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда кәсіпкерлерге тауарларды негізсіз қайтару...

Алматыда кәсіпкерлерге тауарларды негізсіз қайтарудың тәуекелдері туралы ескертілді

Алматы Бүгін 14:38 39 yakiya
Алматыда кәсіпкерлерге тауарларды негізсіз қайтарудың тәуекелдері туралы ескертілді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Кәсіпкерлер тұтынушылар тарапынан құқықты теріс пайдалану жағдайларының жиілеп бара жатқанын айтады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл қосымша қаржылық шығындарға әкеліп, бизнесті жүргізуде тәуекел тудырады. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Еркебұлан Бейімбет Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында осы жайында сөз қозғады.

Оның айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Алайда кәсіпкерлердің де құқықтарын ескеру қажет, өйткені олар да құқықтарының бұзылуына тап болып, елеулі тәуекелдерге ұшырайды.

«Әр адам әрі – азамат, әрі - тұтынушы. Дегенмен, тұтынушылар құқығын қорғау барысында кәсіпкерлердің де құқығын ұмытпау керек. Олар да жосықсыз әрекеттерден зиян шегіп, қаржылық шығынға ұшырайды», - деп атап өтті спикер.

Спикердің айтуынша, тұтынушылардың 71%-ы өз құқықтарының бұзылғанын айтса, олардың тек 29%-ы ғана тиісті органдарға жүгінеді. Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасының өкілі көптеген кәсіпкерлердің де өз мүдделерін қорғау тетіктерін білмейтінін және көмекке сирек жүгінетінін атап өтті.

Еркебұлан Бейімбеттің айтуынша, қазіргі таңда тауарларды негізсіз қайтару жағдайлары ерекше маңызға ие. Мысалы, кейбір сатып алушылар брендтік дүкендерден киім сатып алып, жапсырмаларын алмай пайдаланады да, кейін оны 14 күн ішінде сатушыға қайтарып береді.

Бұдан бөлек, маркетплейстер мен жеткізу қызметтері арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлер де елеулі тәуекелдерге тап болады. Кей жағдайларда тауарды кері жеткізу шығындары оның өз құнынан да асып түседі.

Спикер тауарлардың бәрі бірдей қайтаруға жатпайтынын да еске салды. Көптеген кәсіпкерлер кез келген тауарды 14 күн ішінде қайтарып алуға міндеттіміз деп қате ойлайды. Алайда тауарды қайтару немесе айырбастау үшін нақты негіздер қарастырылған және кәсіпкерлер өз құқықтарын қорғау үшін осы нормаларды пайдалана алады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ақауы немесе кемшілігі жоқ жағдайда тоқыма бұйымдары, іш киімдер, дәрілік заттар, азық-түлік өнімдері, косметика және жеке гигиена құралдары қайтарылмайды.

Спикер кәсіпкерлерге тауарларды қайтару мәселесі бойынша бірқатар ұсыныстар да берді. Оның айтуынша, бизнес өкілдері қайтарудың негіздерін мұқият тексеріп, заң талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда сатып алушылардың талаптарымен келіспеуі керек.

«Егер тұтынушы тауарды тек түсі, үлгісі немесе бұйымның жекелеген элементтері ұнамағаны үшін қайтарғысы келсе, кәсіпкер оны қабылдаудан бас тартуға құқылы. Сатып алушы тауарды сатып алмас бұрын көрді және сатып алу туралы шешімді өзі қабылдады», - деп түсіндірді Еркебұлан Бейімбет.

Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге құқықтық қолдау көрсету және олардың заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша, оның ішінде сотқа дейінгі тәртіпте кеңес беру жұмыстары жалғасып жатқаны атап өтілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар интернет-дүкендер мен сапасыз жөндеу жұмыстарына жиі шағымданады: тұтынушылар өз құқығын қалай қорғай алады?

Бүгін 14:37

Алматыда Жас сайлаушылар клубының төртінші отырысы өтті

Бүгін 14:35

Қазақстан боксшылары World Boxing рейтингінде көш бастап тұр

Бүгін 13:11

Қазақстандық студент Қытайдағы халықаралық WorldSkills турнирінде топ жарды

Бүгін 13:05

Шығыс Қазақстанның жас атлетшілері Азия чемпионатынан жүлделі оралды

Бүгін 13:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);