AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс а...

Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс азая бастады

Барлығы 15.12.2025, 11:24 306
Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс азая бастады
Cурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда кәмелетке толмағандар жасаған аса ауыр қылмыстың саны 40%-ға, балаларға қарсы қылмыс 10,2%-ға төмендеген. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, полицияның жүйелі жұмысы Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес құрылып, ІІМ жүйесінде жарияланған Профилактика жылы аясында жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға жасалатын зорлық та 4,6%-ға дейін азайыпты.

Алдын-алуды күшейтіп, қауіп-қатерді ерте анықтап, мекемеаралық өзара іс-қимылдың белсенді болуының арқасында осындай нәтижеге қол жеткен. Алматыда мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп 11 жалпықалалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп, 22 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Нысаналы профилактика аясында ішкі істер органдарында 567 жасөспірім мен 503 қолайсыз отбасы есепке алынды. Қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтарына  кәмелетке толмаған 843 бала жіберіліп, оларға қажетті әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Ата-аналардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Балалары түнгі уақытта заң өкілдерінсіз жүргені үшін 10 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жанна Шонжанованың атап өтуінше, бұл жазалау емес, профилактиканың маңызды элементі, балалардың қауіпсіздігі үшін ересектердің жауап беретінін қаперіне салып отырудың амалы.
  
Кәмелетке толмағандар істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі мекемеаралық комиссиялардың жұмысы да жалғасты. Есепті кезеңде 472 материал қаралды. Нәтижесінде 37 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылып, балаларға дұрыс тәрбие бермегені үшін тағы 2 871 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 23 жасөспірім девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілді. 

Жанна Шонжанова былай деп аяқтады сөзін:

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – полицияның, отбасының, мектеп пен қоғамның ортақ міндеті. Алматының ювеналдық полициясы балалардың құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтың алдын алып, өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыра береді».

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кәмелетке толмағандар #қылмыс #азаю
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика