AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жыл басынан бері шамамен 600 есірткі қылм...

Алматыда жыл басынан бері шамамен 600 есірткі қылмысы анықталды

Барлығы 13.12.2025, 10:45 340
Алматыда жыл басынан бері шамамен 600 есірткі қылмысы анықталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтті.

Жыл басынан бері қалада шамамен 600 есірткі қылмысы анықталды, оның 260-тан астамы тыйым салынған затты сатуға қатысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Polisia.kz мәліметіне сай, 440-тан астам адам, соның ішінде 28 шетелдік азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

- Біз есірткі қылмысының барлық түрін тіркеп отырамыз. Соның ішінде жасырын қоймалар мен электронды төлемдер арқылы жүзеге асатын байланыссыз тарату тәсілдері де бар. Есептік кезеңде 91 есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды. Сонымен қатар синтетикалық есірткі дайындайтын екі зертхана жойылып, олардан қомақты сомаға бағаланатын жабдықтар мен прекурсорлар тәркіленді, – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. 

Қаржы ұйымдарымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде 1,5 мыңнан астам банк картасы және 1 мыңнан аса криптәмиян бұғатталды. Заңсыз айналыммен байланысты қаржы операциялары тоқтатылып, жалпы көлемі 68 миллион теңгеден асатын қаражаттың жолы кесілді. Полиция есірткіге қарсы профилактикаға да баса назар аударып отыр. Жыл басынан бері оқу орындарында 950-ге жуық профилактикалық іс-шара өткізіліп, дәрістер, шығармашылық конкурстар, түсіндіру флешмобтары ұйымдастырылды. Ақпараттық платформаларда, бұқаралық ақпарат құралдарында және қаладағы LED-экрандарда 1 400-ден астам нашақорлыққа қарсы материал, оның ішінде "Наркостоп" жобасының бейнероликтері таратылды. 

- Біздің жұмысымыз үш негізгі бағытқа негізделеді: қылмыстық әрекетті анықтау және жолын кесу, қаржылық арналарды бұғаттау, сондай-ақ халықты ақпараттандыру және алдын алу шаралары. Алматы қаласының есірткі ахуалын тұрақтандыру, тұрғындардың денсаулығы мен болашағын қорғау үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырамыз, – деп атап өтті Мұрат Жұмабаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #есірткіге қарсы күрес #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы академиясы көп балалы ананы қуантты

Бүгін 12:36

Алматыда ашық ота жасамай, жүрекке жоғары технологиялық ем жүргізілді

Бүгін 12:24

Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

Бүгін 12:14

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика