конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 7...

Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол апаты тіркелді

Заң мен тəртіп 09.10.2024, 09:10 1,252
Алматыда жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол апаты тіркелді
Сурет: Polisia.kz

Алматыда қоғамдық кеңесте ірі шаһардағы жол қауіпсіздігі мәселесі талқыланды.

Қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров жолдар мен көшелерде баламалы көлік, мопедтер мен электросамокаттардың пайда болуымен жол-көлік оқиғаларының көбейгенін айтты,ьдеп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 14 адам қаза тапты, тағы 757 адам жарақат алған. Ал самокаттардың қатысуымен 103 жол-көлік оқиғасы болды, 109 адам зардап шекті, абырой болғанда, қаза болғандар жоқ.

– Мопедистер мен самокаттар жиналатын орындарда 8 мотоэкипаж тұрақты түрде патрульдеу жұмыстарын жүргізеді. 32 мыңға жуық мопедист пен 28 мыңнан астам электросамокат пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1700 мопед қойылды. Сондай-ақ 100-ден астам ата-ана балаларына самокат пен мопед жүргізуге рұқсат бергені үшін жауапқа тартылды. Алдын алу мақсатында департамент әкімдікпен, сондай-ақ кикшеринг компанияларымен және мото мектебімен бірлесе отырып, жұртшылықтың назарын жол қозғалысы қауіпсіздігіне, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, электросамокаттарды, мопедтерді және мотоциклдерді дұрыс және қауіпсіз жүргізу біліктіліктерін арттыруға аудару мақсатында “ERKIN QOZGALYS” науқанын өткізді, – деді, Арыстанғани Заппаров. 

Жалпы, қалалық полиция басшысының айтуынша, жыл басынан бері шаһар жолдарында 3 420 483 жол ережесін бұзу дерегі анықталса, оның 1890-ы көлікті мас күйінде басқарғандар болған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мопедшілер #Жол-көлік оқиғасы #Жол қауіпсіздігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Магистратура гранттарының нәтижесі 24 тамызда жарияланады

Бүгін 16:34

Кредит төлеу тәсілін клиент таңдай алады

Бүгін 15:21

Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда шамамен 34 есеге өсті

Бүгін 14:40

Алматы студенттеріне маңызды ақпарат

Бүгін 14:37

Алматының Әуезов ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 29 жоба жүзеге асырылып жатыр

Бүгін 13:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);