AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жыл басталғалы жол апатынан 107 бала зард...

Алматыда жыл басталғалы жол апатынан 107 бала зардап шекті

Заң мен тəртіп 29.03.2023, 12:11 949
Алматыда жыл басталғалы жол апатынан 107 бала зардап шекті
Сурет: Baq-orda.kz

Бір өкініштісі, жол апаты бір баланың өмірін жалмады.


Жергілікті полиция қызметі мұндай мәліметтерді “Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында балалардың жол-көлік жарақатының себептері мен жағдайларына арнайы жүргізген талдауды ескере отырып ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Биылғы жылдың 2 айында Алматы жолдарында балалардың қатысуымен болған 95 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 107 бала зардап шекті, 1 бала қайтыс болды.


Аналитикалық мәліметтерге сәйкес, балалар көбінесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту кезінде зардап шегеді – 60 ЖКО, кедергіге соғылуына байланысты – 3 ЖКО, көлік құралдарының соқтығысуы нәтижесінде 26 ЖКО және т.б. Сонымен қатар балардың зардап шегуімен, жылдамдықты шектен асырудың себебінен 20 ЖКО, маневр жасау ережесін бұзудан – 48 ЖКО, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеуге байланысты – 21 ЖКО, жол қиылысынан өту ережесін бұзу нәтижесінде – 6 ЖКО тіркелді.


Тәуліктік уақыт бойынша талдау келесідей: сағат 06:00-ден бастап 18:00-ге дейін 60 ЖКО орын алды, 27 ЖКО – 18.00-ден бастап 24.00-ге дейін, 24.00-ден 06.00-ге дейінгі аралықта тағы 8 ЖКО болды. Көбінесе жол-көлік оқиғаларына 16-17 жас (30 жол-көлік оқиғасы), 12-13 жас (13 жол-көлік оқиғасы), 10-11 және 14-15 жас (11 жол-көлік оқиғасы) аралығындағы балалар түседі. Балалардың қатысуымен болған ЖКО-ның көпшілігі сейсенбіде (18 ЖКО), жұмада (16 ЖКО), дүйсенбіде және сәрсенбіде (әрқайсысы 13 ЖКО) тіркелді. Сондай-ақ Алматы полициясы, жолда жүру ережелерін нақты білу және бұлжытпай сақтау – балаңыздың қауіпсіздігі мен денсаулығының кепілі екенін еске салады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ЖКО #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);