конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда жүрек ауруымен түсетін науқас көбейді

Алматыда жүрек ауруымен түсетін науқас көбейді

Медицина 01.03.2023, 03:12 1,489 Almaty-akshamy
Алматыда жүрек ауруымен түсетін науқас көбейді
Сурет: Ашық дереккөз

Энергетикалық сусындарды көп ішудің салдары


Алматыда жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары жасарып келеді. Бұл туралы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, Алматы қалалық кардиология орталығының директоры Алмат Қодасбаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Дәрігердің айтуынша, бұрында 60-70 жастан асқан қарттар жүрек-қантамыр ауруларымен жиі шағымданатын. Ал қазіргі таңда жүрек ауруының әртүрлі формалары бар науқастар көбейген.



«Жүрек ауруларының негізгісі – артериялық гипертензия. Тағы бірі инфаркт – бұл стресстен, эмоционалды жүктемеден, энергетикалық сусындарды көп ішудің салдарынан болады. Бізге сондай-ақ энергетикалық сусындарды ішудің салаларынан пайда болған әртүрлі жүрек ауытқулары бар науқастар келеді», - деді Алмат Кодасбаев.



Ол қазіргі таңда энергетикалық сусындардың жүрекке әсері туралы ғылыми зерттеулерге дұрыс көңіл бөлінбей жатқанын айтты.



«Бұл сусындарды өндірушілер оны ағзаға зиянды деп санамайды. Науқастар анамнез кезінде энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынғандарын айтады. Олардың жүрек көрсеткіштері өзгерген, жалпы патология бар. Энергетикалық сусындарға тыйым салынбайды. Дегенмен, денсаулығын күтетін әр азамат жарнамасына қарамай, бұл сусындардың ағзаға зиянды екенін білуі қажет», - деді кардиохирург.



Дәрігер мұндай жаман әдеттерден бас тартуға, салауатты өмір салтын ұстануға, тұтынатын тағамдардың сапасын қатаң бақылауға кеңес берді.



«Әр адам бала кезінен денсаулығын күту керек. Қалыпты тамақтану, жұмыс және демалыс режимін сақтау керек. Сонда жүрегіңіз ғарышкердікіндей болады. Ал ғарышкерде тұрақты қан қысымы, тұрақты импульс, қалыпты диапазондағы биохимиялық көрсеткіштер болады. Ғарышкердің денсаулығы осындай болады», - деп түсіндірді кардиохирург Алмат Кодасбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жүрек ауруы #Энергетикалық сусындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BaiQymyz–2026» фестивалінде робот-ит, Тәртіпбек пен Тазабек: Астанада өткен гастрономиялық іс-шарада «Заң мен тәртіп» акциясы өтті

Кеше 19:01

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында поэзия кеші өтті

Кеше 15:41

Бірінші топтағы мүгедектігі барлар арнайы орын билетін онлайн сатып ала алады

Кеше 15:23

Алматыда 100 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

Кеше 14:57

Қазақ тілін білу деңгейін анықтауға арналған ақылы тестілеу басталады

Кеше 14:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);