AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,4 %-ға дейін қысқар...

Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,4 %-ға дейін қысқарды

Барлығы 29.10.2025, 15:58 526
Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,4 %-ға дейін қысқарды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым қатысқан халықты әлеуметтік қолдау және тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне арналған брифинг өтті.

Әкімнің орынбасарының айтуынша, Алматы әкімдігінің басты басымдықтарының бірі – қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік осал топтарға атаулы көмек көрсету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және әрбір алматылықтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау.

Мегаполисте 2,2 миллионнан астам адам тұрады, олардың 370 мыңға жуығы әлеуметтік осал санатқа жатады. Бұл зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар, ардагерлер, жетім балалар және өзге де санаттар.

Биыл әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 30,5 млрд теңге қарастырылған.

«Әлеуметтік төлемдердің атаулылығын және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында цифрлық құралдар енгізілді. Соның ішінде FSM Social мобильді қосымшасы бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Нұрлан Әбдірахым.

Биылғы жылдың 9 айында 190 мың адамға жалпы сомасы 4,3 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Алматыда сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының (ХӘОТ) құқығын қорғау және олармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкіл институты енгізілген. Бұл жүйе азаматтардың өтінішін жүйелі түрде қарауға және құқықтық қорғауды күшейтуге бағытталған.

Жұмыспен қамту саласына да ерекше көңіл бөлініп отыр. 23 мың адам белсенді шаралармен қамтылған, олардың 11,4 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан, 11 мыңы субсидияланатын жұмыс орындарына жіберілген, 770 адам кәсіби оқудан өткен. Сонымен қатар, 433 жас кәсіпкер мемлекеттік грант алып, әрқайсысына 1,5 млн теңгеден бөлінген. Оның 63%-ы көпбалалы отбасылар.

Зейнет жасындағы азаматтарды еңбек қызметіне тарту мақсатында «Алтын жас» жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында зейнеткерлердің еңбекақысы 85 мың теңге мөлшерінде субсидияланады. 2025 жылы бұл бағдарламаға 487 зейнеткер қатысқан.

Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесінде Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,7%-дан 4,4%-ға дейін төмендеді, бұл республикалық орташа көрсеткіштен төмен.

«Біз әлеуметтік осал топтарды қолдауға, инклюзивті ортаны дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жүйелі әлеуметтік саясатты жалғастырып келеміз. Басты мақсатымыз – әрбір тұрғынның лайықты өмір сүруі мен ертеңіне деген сенімін арттыру», — деді қала әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым.

Сонымен қатар, ол жастарды қолдау бағытында цифрлық құралдардың белсенді енгізіліп жатқанын айтты. ЖОО мен колледж түлектері «Enbek.kz» порталы арқылы онлайн-тәжірибеден өтеді, мұнда түйіндемелер мен бос жұмыс орындары жарияланып, келісімшарттар онлайн жасалады. Ал «Skills.enbek.kz» порталында жастарға арналған «Мансабыңды құр» атты онлайн-курс іске қосылған. Ол жұмысқа орналасуға қажетті базалық дағдыларды үйретеді. Сондай-ақ «Mansap.kompasy» платформасы арқылы жастар мамандықтар, оқу бағдарламалары, еңбекақы деңгейі және мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат ала алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыссыздық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қала қауіпсіздігі басты назарда: Наурыз қарсаңында алматылық ұландықтардыңавтопаркі заманауи техникамен толықты

Кеше 21:14

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Кеше 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Кеше 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Кеше 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Кеше 17:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика