AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жол ережесін өрескел бұзушы қамауға алын...

Алматыда жол ережесін өрескел бұзушы қамауға алынды

Заң мен тəртіп 09.01.2025, 18:37 1,013
Алматыда жол ережесін өрескел бұзушы қамауға  алынды
Сурет: Astanatv.kz

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған Mercedes көлігінің жүргізушісін анықтап, жауапқа тартты.

Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы әкімшілік кодекстің жеті бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

— Ол маневр жасау ережелерін бұзған, көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған, апатты жағдай туғызған, көлік құралдарын пайдалану ережелерін сақтамаған, көлікті басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған және пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданған. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 95 айлық есептік көрсеткішті (373 540 теңге) құрайтын айыппұл салынды, – деп атап өтті Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сонымен қатар тәртіп бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де жауапқа тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды. Mercedes көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

Алматы полициясы азаматтарға жол ережелерін қатаң сақтауды және әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігін күшейтуді ескертеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жол ережесін бұзушы #қамауға алу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Зияткерлік жарыс алматылық білімді жастарды біріктірді

Бүгін 19:01

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);