Алматыда жер сілкінісі сезілді

  • 09:56, 07 маусым 2025
Алматыда жер сілкінісі сезілді сурет: ашық дереккөз

Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісі Алматыда сезілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы ұсынды. Мамандардың айтуынша, жер дүмпуі 7 маусымда сағат 08:33-те тіркелген.

"2025 жылғы 7 маусымда Астана уақытымен таңғы сағат 08:33-те сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Оның координаттары: 41.008 N, 75.278 E", – делінген ресми хабарламада.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, Алматыда жер сілкінісі екі балл шамасында сезілген. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
1
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:56

21:51

21:49

19:10

19:02

18:56

18:10

17:54

17:41

17:31

17:23

17:11

16:57

16:46

16:38

16:29

16:18

16:03

15:59

15:52

15:43

15:34

15:26

15:16

15:03