Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға...

Алматыда жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған семинар өтті

Заң мен тəртіп 18.11.2024, 16:01 921
Алматыда жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған семинар өтті
Сурет: Polisia.kz

Іс-шараны қалалық білім басқармасымен бірлесе отырып, полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды.

 Семинарға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар және мектеп жетекшілері қатысты. Бұл маңызды кездесу Алматы қаласының Алатау ауданындағы Инновациялық шығармашылық орталығында өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

– Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрестегі бірлескен күш-жігер мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қатысушы тараптар арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту. Осыған орай, семинардың негізгі үш бағыты анықталды: нашақорлықтың алдын алудағы тәрбие жұмысының рөлі; жасөспірімдер арасындағы алдын алудың психологиялық аспектілері; оқу орындарындағы ақпараттық жұмыстың тиімді әдістері, – деп атап өтті Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Семинар-тренинг қатысушылар үшін тәжірибе алмасу және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасаудағы озық әдістерді енгізу алаңына айналды. Бұл қадам қоғамда нашақорлық мәселесіне қарсы ортақ түсіністік пен жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #нашақорлық #алдын алу #Семинар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика