AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда іскерлік белсенділіктің жаңа орталықтары...

Алматыда іскерлік белсенділіктің жаңа орталықтары құрылады – Дархан Сатыбалды

Барлығы 17.12.2025, 16:57 458 Сұлу
Алматыда іскерлік белсенділіктің жаңа орталықтары құрылады – Дархан Сатыбалды
Алматы әкімдігі

Алматыда аумақтық дамудағы сәйкессіздікті жою мақсатында қалалық полиорталықтарды құру жұмыстары басталды. Әрбір полиорталық адамдар жиі баратын жеке орынға айналып, тұрғындарды сенімді инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

"Жобаның негізінде қалалық белсенділікке арналған жаңа орталықтар құру идеясы жатыр. Полиорталықтардың даму тұжырымдамасын халықаралық сарапшылар әзірледі.  Басты басымдық – "Шығыс қақпасы" мен "Батыс" полиорталықтарын қалыптастыру. Бұл аумақтарда тақырыптық ойын-сауық паркі, Алматы су арнасы, Almaty AI Park, EXPO Center, жаңа стадион және басқа да нысандарды орналастыру жоспарланған. Аталған жобаларды жүзеге асыру қала аумақтарын бірдей дамытуға, тарихи орталыққа түсетін жүктемені азайтуға және барлық аудандағы қалалық ортаның сапасын арттыруға мүмкіндік береді", - деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаланың Бас жоспарына түзетулер енгізіліп жатқанын атап өтті. Бұл ретте қаланың жоғарғы бөлігінде көпқабатты тұрғын үй салуға бұған дейін енгізілген мораторий талаптары ескерілген. Аталған құжатты биыл 24-27 желтоқсан аралығында қоғамдық талқылауға шығару жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дархан Сатыбалды #іскерлік белсенділік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Кеше 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика