AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда ІҚА бойынша X Ұлттық мерейтойлық форум өт...

Алматыда ІҚА бойынша X Ұлттық мерейтойлық форум өтті

Медицина Бүгін 16:06 65 yakiya
Алматыда ІҚА бойынша X Ұлттық мерейтойлық форум өтті
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Алматыда ІҚА бойынша X Ұлттық мерейтойлық форум өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және аралас салалардың жетекші мамандарының басын қосқан мерейтойлық X Ұлттық ішектің қабыну аурулары бойынша форум өтті.

Ұйымдастырушылар: С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, салалық кәсіби қауымдастықтар. Форум гибридті форматта өтті.

Ресми ашылу қарсаңында Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы базасында «ІҚА заманауи хирургиясы: көрсеткіштен нәтижеге дейін» атты бірегей тәжірибелік шеберлік класы ұйымдастырылды. Оның барысында күрделі хирургиялық операциялар тікелей эфирде көрсетілді (Live-хирургия). Ұйымдастыру комитеті Крон ауруының асқынған түрлеріне шалдыққан пациенттерге жоғары деңгейдегі операциялар жасаған профессор Армен Варданянға (Мәскеу, РФ) ерекше алғыс білдірді.

Конференцияның салтанатты ашылуында қатысушылар отандық гастроэнтерология мектебінің негізін қалаушы, көрнекті ғалым, профессор Елдос Изатуллаевты бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасының орынбасары Жамиля Қайбуллаева: «ІҚА - пәнаралық тұрғыдан аса күрделі сала. Таргеттік биологиялық терапия мен шағын молекулалар дәуірінің арқасында пациенттердің болжамы айтарлықтай жақсарды. Сонымен қатар ерте диагностика, диагноз қоюдағы кідірісті азайту, заманауи терапия тұжырымдамаларын енгізу және тұрақты ремиссияға қол жеткізу сияқты жаңа міндеттер туындап отыр», — деді.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, институтта клиникалық, білім беру және ғылыми жұмыстарды біріктіретін елдегі алғашқы Республикалық ІҚА орталығы құрылды. Гастроэнтерологияға үнемі инновацияларды енгізумен қатар, институт халықаралық зерттеулердің клиникалық базасы ретінде қызмет етеді және резиденттерді терапиялық бағыттар бойынша оқытатын академиялық клиника болып табылады.

Конференцияның негізгі спикерлері қатарында әлемдік деңгейдегі сарапшылар болды: Dino Tarabar (Сербия) — MD, PhD, AGAF, Белградтағы Әскери-медициналық академияның ІҚА жөніндегі маманы; Paulo Gustavo Kotze (Бразилия) — MD, MSc, PhD, Парана католик университетінің колоректалды хирургия бөлімінің ІҚА амбулаториялық қызметінің маманы; Rupert Leong (Австралия) — Сидней университетінің гастроэнтерология профессоры.

Кәсіби қауымдастықтың үздік мамандарын марапаттау және байқаулардың қорытындысын шығару рәсімі өтті. Номинациялар қатарында: «Жылдың үздік маманы» -ІҚА қызметін дамытуға қосқан үлесі мен адалдығы үшін; «Жыл серпіні» - 2025–2026 жылдардағы ІҚА мәселелері бойынша тәлімгерлік циклдерінің нәтижелерін бағалайтын жаңа марапат; «Жас ғалымдар байқауы» - жас мамандардың медицина ғылымындағы алғашқы маңызды қадамдарын қолдауға арналған дәстүрлі алаң.

Мерейтойлық форум Қазақстандағы ІҚА бар пациенттерге көмек көрсетудің бірыңғай ұлттық стандарттарын қалыптастыру, жаңа клиникалық ұсынымдарды таныстыру және тәжірибе алмасу үшін маңызды кәсіби алаң ретіндегі мәртебесін тағы да дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);