Алматыда интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған арнайы құрал-жабдық анықталды

Алматыда интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған арнайы құрал-жабдық анықталды Сурет: Polisia.kz

Алматыда интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған арнайы құрал-жабдық анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Алматы қаласы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, ҚР ІІМ КҚД, қалалық прокуратураның үйлестіруімен, сондай-ақ ҰҚК аумақтық бөлімшесі және байланыс операторымен өзара ықпалдастықта интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған "Sim-box" типтес арнайы құрал-жабдықты анықтап, тәркіледі. Жедел іс-шаралар барысында заңсыз трафик ұйымдастырған екі жас азамат ұсталды. 

– Біз телекоммуникациялық жабдықты пайдалана отырып жасалатын қылмыстық схемаларды анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудамыз. Басты міндетіміз – заңсыз трафик арналарына дер кезінде тосқауыл қою, киберқылмыскерлердің әрекетіне бөгет жасау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Серіктес құрылымдармен өзара іс-қимыл мұндай қауіптерді тиімді анықтауға және бейтараптандыруға мүмкіндік береді, – деді Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Құқыққа қайшы әрекеттің барлық жай-жапсарын және оған қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті кибералаяқтық – ең кең таралған қылмыс түрлерінің бірі екенін еске салады және оны төтенше негізде тоқтату жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын хабарлайды


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:10

22:15

20:23

17:51

17:35

17:20

17:03

16:42

16:08

15:40

15:13

14:10

12:05

11:04

10:43

10:04

17:38

17:19

17:00

16:48

16:29

16:10

15:58

15:39

15:18