конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзе...

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі

Алматы 20.07.2026, 17:35 209
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен «Халық қатысатын бюджет» жобасының іске асырылу барысына арналған кеңес өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиында тұрғындардың дауыс беруі арқылы қолдау тапқан бастамалардың орындалу барысы қаралды. Биыл жоба аясында 219 бастама жүзеге асырылып жатыр. Оның 29-ы аяқталған, 188 жоба іске асырылу кезеңінде, ал екі жоба бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр.

«Халық қатысатын бюджет» аясында қаланың әр ауданында қоғамдық кеңістіктер, скверлер, саябақтар, жүргіншілер аймақтары, аула аумақтары мен жағалаулар көркейтіліп жатыр. Барлық нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстарын биылғы тамыз айының соңына дейін аяқтау көзделген.

Дархан Сатыбалды аудан әкімдеріне әрбір нысанды ерекше бақылауға алып, орындалып жатқан жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етуді және белгіленген мерзімнің сақталуын тапсырды.

Қала әкімі «Халық қатысатын бюджет» тұрғындармен тиімді өзара байланыс орнатудың маңызды тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Бұл жоба алматылықтарға қалалық ортаны дамытуға тікелей атсалысып, көріктендірудің басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімдіктеріне барлық жобаны уақытылы аяқтау, жұмыстардың сапасына бақылауды күшейту және бастамалардың іске асырылу барысы туралы тұрғындарды budget.open-almaty.kz порталы арқылы тұрақты түрде хабардар етіп отыру тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Халық қатысатын бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);