AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда ғылыми жобалар байқауының үшінші кезеңіне...

Алматыда ғылыми жобалар байқауының үшінші кезеңіне 70 жоба өтті

Білім және ғылым 11.09.2026, 09:31 301
Алматыда ғылыми жобалар байқауының үшінші кезеңіне 70 жоба өтті
Алматы әкімдігі

Барлығы 229 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Мемлекет басшысының ғылымды дамыту, ғылыми әзірлемелерді қолдау және оларды қала экономикасына енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2024 жылы Алматы қаласы әкімдігі жанынан Ғылым және технологиялар кеңесі құрылды.

Ғылым күніне орай 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында ғылыми гранттар байқауына өтінімдер қабылданды. Барлығы 229 өтінім келіп түсті.

Алдын ала іріктеу нәтижесінде 191 жоба байқаудың екінші кезеңіне өтті. 38 жоба бойынша қайталану белгілері анықталды.

Алдын ала іріктеуден өткен жобалар үшін 20 шілде мен 21 тамыз аралығында бес апталық акселерация бағдарламасы өткізілді. Бағдарлама аясында жобаларды жетілдіру, олардың практикалық маңыздылығы мен коммерциялық әлеуетін айқындау, сондай-ақ конкурс комиссиясы алдында қорғауға дайындау бойынша оқыту және консультациялық жұмыстар жүргізілді.

Акселерация бағдарламасының қорытындысы бойынша бүгін конкурс комиссиясының шешімімен 191 жобаның ішінен 70 үздік жоба үшінші кезеңге өтті.

Конкурс комиссиясының құрамына Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, Ғылым және технологиялар кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, ғылыми қоғамдастық және қоғам өкілдері кірді.

Жобаларды бағалау барысында олардың ғылыми жаңашылдығы, практикалық маңыздылығы және әзірлемелерді енгізу перспективалары ескерілді.

Қорғау және сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша 20 үздік жоба Республика күніне орай анықталады. Жеңімпаздарға жобаларды іске асыру үшін ғылыми гранттар шеңберінде қаржыландыру ұсынылады.

Байқау қолданбалы ғылыми зерттеулерді қолдауға, қаланың өзекті мәселелерін шешуге және отандық ғылыми әзірлемелерді нақты секторға енгізуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:33

Елдік рух асқақтаған күн: Алматыда Республика күні қалай тойланды?

Бүгін 11:27

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: өңірлерде жаңа кәсіпорындар, инфрақұрылым және әлеуметтік сала нысандары ашылды

Бүгін 11:15

Алматының таулы аймақтарында экологиялық акция өтті

Кеше 19:55

Алматыда Республика күніне орай таулы аумақтарды тазарту бойынша экологиялық акция өтті

Кеше 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);