AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Мәдени Алматы 30.04.2026, 18:57 210 yakiya
Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханасында Алматы Кітапханалары мен «ByArT» көркемдік студиясының ұйымдастыруымен «Гүлденген мегаполис» атты қалалық көрме өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Салтанатты іс-шараға белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет, сондай-ақ, Еуропадан арнайы келген Игор Отченаш, Штепан Франк және София Магариллдің немересі Ариэль Борщевский мен оның отбасы мүшелері – Анастасия Барщевская мен Гуша Джорджи және байқау жеңімпаздары қатысты.

Аталған байқау сәуір айында жарияланып, жұмыстарды қабылдау 23 сәуірде аяқталған болатын. Шығармашылық додаға қаланың 21 мектебінен 109 жұмыс келіп түскен. Жұмыстардың ішінен қаламыздың сұлулығы мен көрікті жерлерін шебер бейнелеген 70 туынды іріктеліп, көрмеге қойылды.

Іс-шара барысында 70-ке жуық мектеп оқушылары арнайы дипломдармен марапатталып, кітаптар табысталды.

«Мен бұл байқауға «Қаламның театрындағы балерина» атты суретімді ұсындым. Маған Алматының зәулім ғимараттары мен ондағы өнер адамдары өте ұнайды, сондықтан осы тақырыпты таңдадым. «Гүлденген мегаполис» байқауына қатысқаныма өте қуаныштымын. Өз жұмысымды мұндай үлкен көрмеден көру мен үшін ерекше мақтаныш болды», – деді байқау жеңімпаздарының бірі, №35 гимназияның оқушысы Адель Рабатова.

«Сендердің суреттеріңнен туған қалаларыңа деген шексіз махаббат көрініп тұр. Мен Алматыға бірінші рет келдім. Маған мұндағы дәстүр мен заманауи нақыштың үйлесімі қатты ұнады. Бұл тіпті 22-ғасырдың қаласы сияқты. Мұнда өзімді үйдегідей сезіндім», - деді жүлделерді табыстаған Игор Отченаш.

Бұл іс-шара балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, өскелең ұрпақтың бойында мәдени құндылықтарды қалыптастыруға және өнерді дәріптеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);