AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда этномәдени туризмнің жаңа үлгісі – «Қазақ...

Алматыда этномәдени туризмнің жаңа үлгісі – «Қазақтың тойлы кеші» жобасы таныстырылады

Мәдени Алматы Бүгін 14:42 40
Алматыда этномәдени туризмнің жаңа үлгісі – «Қазақтың тойлы кеші» жобасы таныстырылады

Алматыда шетелдік қонақтар арасында қазақтың ұлттық дәстүрін кеңінен насихаттауға бағытталған «Қазақтың тойлы кеші» атты жаңа туристік жоба іске қосылуға дайындалып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба аясында қазақтың үйлену тойына тән салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға негізделген мәдени-ойын-сауық кештерін өткізу көзделген.

Жаңа формат туристерге Қазақстанның мәдени мұрасымен музыка, ұлттық тағамдар, салт-дәстүрлер мен қонақжайлық рәсімдері арқылы танысуға мүмкіндік береді.

Бағдарламада беташар және сәлем салу дәстүрін сахналық қойылым түрінде көрсету, құдаларды қарсы алу салтымен таныстыру, фольклорлық ұжымдардың өнер көрсетуі, ұлттық би мен қазақ тағамдарынан дәм тату қарастырылған. Сондай-ақ ұлттық киім, саятшылық өнер және қазақтың тазы тұқымды иттерімен таныстыру сияқты ұлттық мәдениет құрылымдарына ерекше көңіл бөлінеді.

«Шетелдік туристердің Қазақстанның мәдениеті мен дәстүріне деген қызығушылығы артып келе жатқанын байқап отырмыз. Дегенмен ұлттық салт-дәстүрлеріміздің көбі олар үшін әлі де беймәлім. «Қазақтың тойлы кеші» жобасы қазақ мәдениетінің бай мұрасын түсінікті әрі қызықты форматта таныстыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – қонақтарды салт-дәстүрлермен таныстырып қана қоймай, олардың Қазақстан туралы жарқын әсер қалдыратын мәдени іс-шараға тікелей қатысуына жағдай жасау», – деді Resident Hotels қонақ үйлер желісінің директоры Серік Молданбаев.

Халықаралық туристік бизнес өкілдері де жаңа бағыттың келешегі зор екенін атап өтеді.

«Біз Үндістан, Оңтүстік Корея, Малайзия, Таиланд, Польша, Германия және БАӘ сияқты 13 елден келетін туристердің Алматыға сапарын ұйымдастырамыз. Бүгінде саяхатшылар табиғи көрікті жерлермен ғана емес, елдің төл мәдениетімен де жақынырақ танысуға ұмтылады. Мұндай жобалар туристік бағдарламаларды түрлендіріп, қонақтарға қазақтың салт-дәстүрлерімен танысудың бірегей мүмкіндігін ұсынады», – деді туроператор Вишал Джайн.

Осындай бастамаларды дамыту Алматының туристік мүмкіндіктерін кеңейтіп, туристерді қызықтыратын жаңа орын мен бағыт қалыптастыруға және шетелдік саяхатшылардың Қазақстанның ұлттық мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

2025 жылы Алматыға 754 мың шетелдік турист келсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 800 мыңнан асады деп болжанып отыр. Қалаға келетін туристер санының артуы этномәдени жобаларды дамытып, туристерге ұсынылатын бағыттар мен қызмет түрлерін кеңейтудің маңызын арттыра түседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#салт-дәстүр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Бүгін 15:15

Қазақстан Орнықты даму мақсаттарын жүзеге асырудың өңірлік кезеңіне көшуде

Бүгін 13:45

Өткен тәулікте Алматыда 1 518 рет жол ережесі бұзылды

Бүгін 13:23

Олжас Бектенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша кеңес өткізді

Бүгін 13:00

2026 жылдың 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);