Алматыда есірткі сатушы ұсталды

Алматыда есірткі сатушы ұсталды Сурет: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері Түркістан облысының 24 жастағы тұрғынынан синтетикалық есірткі салынған бумаларды тәркіледі.


Есірткіні заңсыз сақтап, оны өткізбек болған жас қыз ұсталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Қаланың Алмалы ауданының аумағын патрульдеу кезінде Буран-060 патрульдік экипажы сөмке ұстаған жас қызды байқады, ол полиция көлігін көріп, қатты қобалжып, жасырынбақ болды. Сөмкенің ішіндегісін тексеру кезінде 18 дана көлеміндегі қара колба мен сары түсті 5 бума табылды. Ұсталған адам 24 жастағы С.есімді азаматша, есірткіні заңсыз сақтағанын және өткізгенін бірден мойындады. Мәселе мефедрон туралы болып отыр. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.



Қылмыстық іс Алмалы ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Полиция Алматыға есірткі жеткізу арнасын және оның таралу географиясын анықтауда.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47