AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда есірткі жарнамалаудың жаңа тәсілі анықтал...

Алматыда есірткі жарнамалаудың жаңа тәсілі анықталды

Заң мен тəртіп 31.01.2025, 12:23 837
Алматыда есірткі жарнамалаудың жаңа тәсілі анықталды
Сурет: Polisia.kz

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 28 жастағы азамат шағын несие алуға арналған жапсырмалар таратумен айналысқан.

Алайда QR-кодты сканерлеген кезде қолданушылар несие беру сервисіне емес, есірткі сатумен айналысатын интернет-ресурсқа кіріп кеткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

- Күдікті өзінің қылмыстық әрекетін мойындады. Оның міндеті – қоғамдық көлік аялдамаларына, билбордтарға, бағаналарға парақшалар жапсыру болған. Ол қызметі үшін төлемді криптовалюта түрінде алып отырған. Қазіргі таңда ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілуде. Сондай-ақ оның жұмыс берушілері анықталып жатыр, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы (Есірткі құралдарының немесе психотроптық заттардың жарнамасы немесе заңсыз насихаты) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайы жария етілмейді. Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қылмыстық кодексіне сәйкес, кез келген азаматтың кінәсі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін дәлелденбеген болып саналады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #есірткі #жарнама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика