Алматыда ертең Шымбұлақ тау курортында екінші рет халықаралық фрирайд жарысы – Shymbulak Freeride Week Qualifier өтпек

Алматыда ертең  Шымбұлақ тау курортында екінші рет халықаралық фрирайд жарысы – Shymbulak Freeride Week Qualifier өтпек Cурет: Шымбұлақ тау-шаңғы курортының баспасөз қызметі

Freeride World Tour Qualifier – әлем бойынша өтетін іріктеу жарыстары.

Райдерлер әлем бойынша өтетін түрлі кезеңдерге қатысып, балл жинайды. Олардың ішіндегі ең үздіктері FWT Challenger-ге шақырылады. Оған қатысу – FWT Pro сериясына іріктеліп шығу мүмкіндігі, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

FWT жарыстары 5 критерий бойынша бағаланады:

       Желінің күрделілігі: райдер жүріп өтер жолдың қайсысын таңдайды және алдында қандай кедергілер тұрады.

       Техника: басқа райдер жеңіл өтіп кеткен жерді сен жаныңмен сырғанауың керек болуы мүмкін, одан ұпай жоғалтасың.

       Бақылау: өз әрекеттеріңді толық бақылауың керек. Төрешілер тәуекел ететін, бірақ дағдылары жетілмегендерге қатал болуы мүмкін.

       Секіру. Қаншалықты биік секірдің? Ауада не болды? Райдердің жерге қонуы қаншалықты жақсы болды?

       Флюидтілік – мәжбүр болып тоқтамай, басынан соңыеа дейін қаншалықты тез қозғаласың.

Жарыстар өтетін беткей: FWQ 2 жұлдыз – «Школьник» шыңының беткейі

Qualifier 2*-ге қазіргі кезге дейін тіркелген қатысушылар саны – 95. 

Қатысушы елдер: Австралия, Италия, Қытай, Иран, Қырғызстан, Латвия, Польша, Ресей, АҚШ, ТайБэй, Франция, Жапония. 

         Қатысушылар шаңғы бойынша да (әйелдер мен ерлер), сноуборд бойынша да (әйелдер мен ерлер) қатыса алады.  

FWQ — қиындық деңгейлері әртүрлі іріктеу кезеңдер жүйесі, онда спортшылар Freeride World Tour-ға қатысу мүмкіндігіне ие болу үшін ұпай жинайды. Жарыс 1, 2, 3*** және 4* деңгейлеріне бөлінеді – деңгей жоғары болған сайын, райдер жүлделі орын алғаны үшін сонша рейтингтің ұпай жинайды. Маусым қорытындысы бойынша үздік деп танылған спортшылар FWT-ға өтіп, әлемнің мықты фрирайдшыларымен жарысу мүмкіндігін алады. 

Осылайша, Freeride World Qualifier — перспективті райдерлердің элитаға өту мүмкіндігі, ал Freeride World Tour — үздіктердің үздігі қатысатын жоғары деңгейдегі жарыс.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:25

19:18

18:45

15:41

14:39

14:32

14:19

12:18

11:00

08:48

08:34

08:30

08:17

08:10

17:58

17:26

17:24

17:12

16:50

16:41

16:28

16:25

16:22

16:06

15:45