Энрике Иглесиастың Алматыдағы концерті 5 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
5 қыркүйекте Орталық стадионда өтетін Энрике Иглесиастың концерті кезінде Алматыдағы қоғамдық көлік, оның ішінде метрополитен де қалыпты режимде жұмыс істейді.
Көрермендерге ыңғайлы болу үшін әрі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында концерт аяқталғаннан кейін 50 тегін шаттл ұйымдастырылады. Олар стадионның Абай даңғылы мен Байтұрсынұлы көшесі жағынан жолға шығады.
Шаттлдар келесі бағыттар бойынша қатынайды:
Әуежай;
Орбита шағынауданы;
Алматы-1 теміржол вокзалы;
Райымбек-Алатау;
Алматы Арена.
Қосымша бағыттардың ұйымдастырылуы көрермендерге іс-шара аяқталғаннан кейін қаланың негізгі көлік тораптары мен аудандарына жылдам жетуге мүмкіндік береді.
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына Орталық стадионға бару және кері қайту бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылады.
Еске салайық, Энрике Иглесиастың Алматыдағы концерті 5 қыркүйекте Орталық стадионда өтеді. Іс-шара сағат 20:00-де басталады.