AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда халықаралық New Vision Forum 2026 форумы...

Алматыда халықаралық New Vision Forum 2026 форумы өтеді

Алматы Бүгін 12:25 63 yakiya
Алматыда  халықаралық New Vision Forum 2026 форумы өтеді
Алматы әкімдігі

Алматыда экономика, технология және басқару салаларының болашағын талқылауға арналған халықаралық New Vision Forum 2026 форумы өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әлемдік сарапшылар мен бизнес көшбасшылары Алматыдағы New Vision Forum 2026 форумына қатысады.

11-13 маусым аралығында Алматыда экономика, технология және басқару салаларының болашағын талқылауға арналған халықаралық New Vision Forum 2026 форумы өтеді. Ауқымды іс-шараға бизнес өкілдері, мемлекеттік сектор мамандары, инвесторлар мен халықаралық сарапшылар қатысады.

Форум Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Кездесу барысында технологиялық трансформация, жасанды интеллектіні дамыту, инвестиция тарту, көшбасшылық және бизнестің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуі секілді маңызды тақырыптар талқыланады.

«Бүгінде өзгеріске жылдам бейімделіп, ортақ мақсат төңірегінде біріге алатын компаниялар ғана табысқа жетеді. Біз мықты бизнес мықты ойлау жүйесінен, дұрыс ортадан және өзгеріс кезеңінде әрекет етуге дайын болудан басталады деп сенеміз», – деді форумның негізін қалаушы әрі бас директоры Мақсат Күрбенов.

Халықаралық спикерлер қатарында Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэл Баррозу, цифрлық экономика жөніндегі сарапшы Дон Тэпскотт, Siri платформасының тең авторы Люк Жулия, сондай-ақ әлемге танымал «Ерлер Марстан, әйелдер Шолпаннан» бестселлерінің авторы Джон Грей бар.

Іс-шараға қазақстандық мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысады. Атап айтқанда, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ірі ұйымдардың басшылары бар.

Қазақстандық бизнес қауымдастығы атынан Айдын Рахымбаев, Қанат Көпбаев, Тимур Кәрімбаев, Берік Қаниев және Гаухар Қаппарова сөз сөйлейді.

Бағдарлама аясында пленарлық отырыстар, тақырыптық сессиялар, шебердің сабақтары, табысты кейстердің таныстырылымдары, инвесторлармен кездесу және технологиялық шешімдер көрмесі өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Бүгін 12:59

Алматыда пайдаланылған батареяларды жинауға арналған пилоттық жоба іске қосылды

Бүгін 12:07

«Аналитикалық ойлауды дамыту»: Алматыда «Аналитика мектебі» білім беру жобасының үшінші аптасы өтті

Бүгін 12:03

Алматыдағы қасбеттерді жаңғырту: тарихи келбетті сақтап, қалалық ортаны жаңарту

Бүгін 12:01

Алматыда монша кешендеріне арналған экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);