AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды

Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды

Барлығы 12.12.2025, 12:03 581 dulatbekova
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ерекше экологиялық-шығармашылық бастама – «Эко-шырша Алматы» атты ашық байқау жарияланды. Жоба Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асырылып отыр.

Бұл байқау қалалық ортада экологиялық сананы көтеруді, шығармашылық әлеуетті арттыруды және жаңа жылдық мерекелерді жауапкершілікпен атап өтуге бағытталған жаңа мәдени дәстүр қалыптастыруды көздейді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Байқау экодизайн бағытындағы шығармашылықты қолдап, мегаполистің экологиялық мәдениетін арттыруды және тұрмыстық қалдықтарды қайта қолдану идеясын кеңінен насихаттауды мақсат етеді. Бұл бастаманың түпкі мәні – тұтынушылық мәдениетін қайта қарастырып, тұрмыстық қалдықтарға жаңа өмір сыйлау арқылы қоғамдағы экологиялық ойлауды дамыту. Осы мақсатта қатысушыларға қайта өңделетін материалдар мен тұрмыстық қалдықтарды пайдалана отырып, Алматының рухын, динамикасын және заманауи келбетін бейнелейтін ерекше арт-шырша жасау ұсынылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қала әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жаңа бастама Алматыда экологиялық тұрғыдан таза әрі шығармашылыққа негізделген жаңа жылдық мерекелік дәстүр қалыптастыруға бағытталған. Аталған бастама суретшілерді, дизайнерлерді және қаланың болашағына бейжай қарамайтын барлық қала тұрғындарын біріктіруді көздейді. Олардың пікірінше, ұсынылатын эко-шыршалар – жай ғана өнер туындысы емес, заманауи тұрақты қаланың қандай болуы керектігін айқындайтын маңызды манифест.

Байқауға шығармашылық пен экобелсенділікке бейім барлық азаматтар қатыса алады. Атап айтқанда, суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер, қолөнершілер, шығармашылық топтар, экологиялық қауымдастықтар.

Әрбір қатысушы биіктігі 2-2,5 метр аралығындағы, тек тұрмыстық қалдықтар, қайта өңделетін материалдар, екінші реттік шикізат қолданылған арт-шырша жобасын дайындауы тиіс. Материалды таңдауда еркіндік берілгенімен, экологиялық қауіпсіздік және қайта пайдалануға жарамдылық басты критерийлер болып есептеледі.

Қатысушыларды ынталандыру мақсатында байқау аясында қаржылай қолдау қарастырылған:
●    Алғашқы іріктеуден өткен 15 финалистке өз жобасын жүзеге асыру үшін 100 000 теңге көлемінде грант беріледі;
●    Финалдық кезеңде үздік деп танылған авторлар 
✔    I орын – 400 000 теңге 
✔    II орын – 300 000 теңге
✔    III орын – 200 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтарға ие болады. 

Сонымен қатар, 6 авторға әрқайсысына 100 000 теңге көлемінде арнайы ынталандыру сыйлығы болады. 

Бұл сыйлықтар жас таланттарды қолдауға, экодизайн саласында жаңа идеялардың пайда болуына және шығармашылық бәсекелестікті арттыруға бағытталған.

Байқау қорытындысы бойынша ең үздік эко-шыршалар қалалық фестивальдің арт-аллеясында көпшілік назарына ұсынылады. Фестиваль кезінде қала тұрғындары мен қонақтары ерекше өнер туындыларымен танысып қана қоймай, экологиялық мәдениетке қатысты пайдалы ақпарат алып, тұрақты даму идеяларына жақындай түседі.

Шығармаларды бағалаумен арнайы шығармашылық индустрия өкілдерінен, экодизайн саласының мамандарынан, экологтардан, серіктес ұйымдардың өкілдерінен және танымал дизайнерлерден құрылған кәсіби қазылар алқасы айналысады. 

Олар жұмыстарды композиция, идеяның жаңашылдығы, қолданылған материалдардың экологиялық сипаты, көркемдік шешімі және қалалық кеңістікке сәйкестігі бойынша бағалайды.

Бұл бастама қаланың шығармашылық әлеуетін ашуға, жас таланттарды қолдауға, сондай-ақ Алматыны Қазақстандағы жасыл инновациялар орталығына айналдыруға бағытталған қадамдардың бірі.

Байқауға өтінімдер 18 желтоқсанға дейін қабылданады. Толық ақпарат пен байқауға қатысу ережелерімен төменде көрсетілген сілтеме арқылы танысуға болады.

https://docs.google.com/document/d/1jeMoWCcg3PBdnnzLdPSH5jRQbu_88czB/edit?usp=drivesdk&ouid=110611780211072053156&rtpof=true&sd=true 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шырша #байқау #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика