AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда екінші экохаб ашылды

Алматыда екінші экохаб ашылды

Алматы Бүгін 14:42 49 yakiya
Алматыда екінші экохаб ашылды
Алматы әкімдігі

Алматыда екінші экохаб ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Алматыда ECO Network жобасы аясында екінші «Эко-Хаб» білім беру орталығы ашылды. Жаңа алаң Satbayev University базасында Eco Almaty ЖШС-нің қолдауымен жұмысын бастады.

Еске салсақ, алғашқы қалалық экохаб Марков көшесі, 44 мекенжайында орналасқан.

Жаңа орталық экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізуге, қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін насихаттауға, еріктілік қозғалысты дамытуға және тұрақты даму бағытындағы жобаларды жүзеге асыруға арналған кеңістік болады.

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек, Satbayev University ректоры Мейрам Бегентаев, Eco Almaty және түрлі экологиялық ұйымдардың өкілдері, еріктілер мен қоғам белсенділері қатысты.

Ашылу барысында сөз сөйлеген Мейрам Бегентаев университеттің ECO Network-пен ынтымақтастығы екінші жыл қатарынан жалғасып келе жатқанын және нақты нәтиже беріп отырғанын атап өтті.

«Бұған дейін университет аумағында қайта өңделген пластиктен күнделікті қолданысқа қажетті бұйымдар дайындалатын өндірістік экохаб құрылған болатын. Енді біз студенттерге экология туралы білімін кеңейтіп қана қоймай, экологиялық бастамаларға қатысу арқылы тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін білім беру орталығын ашып отырмыз. Бұл жоба Қазақстандағы басқа жоғары оқу орындарына да үлгі болады деп сенемін», – деді ректор.

Азиз Кажденбектің айтуынша, мұндай жобалар жастарды экологиялық бастамаларға тиімді тартуға мүмкіндік береді.

«Біздің тәжірибеміз жастарға мүмкіндік жасалса, олардың экологиялық жобаларға белсенді қатысуға дайын екенін көрсетіп отыр. Экологиялық мәдениет туралы айту ғана емес, нақты іс-әрекетке жағдай жасау маңызды. Жаңа экохаб Алматының белсенді жастары үшін тағы бір маңызды тартылыс орталығына айналады», – деді ол.

ECO Network және экохабтар желісінің негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов орталықтың тек студенттер мен оқытушыларға ғана емес, барлық қала тұрғындарына ашық болатынын айтты.

«Біз экохабты әрбір адам үшін қолжетімді әрі пайдалы кеңістікке айналдыруды көздейміз. Бүгінде мұндай орталықтар Астана мен Қарағандыда табысты жұмыс істеп жатыр. Алматыдағы жаңа орталық университеттің, Жастар саясаты басқармасының және тұрақты даму қағидаттарын қолдайтын серіктестеріміздің қолдауымен ашылып отыр», – деді Евгений Мұхамеджанов.

Экохабқа келушілер экологиялық акциялар мен білім беру бағдарламаларына қатысып, қайта өңделген пластиктен жасалған кәдесыймен, интерьер бұйымдарымен және қалдықтарды заманауи қайта өңдеу мүмкіндігін көрсететін өзге де өнімдермен таныса алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экохаб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Ғабдуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 16:09

Алматы цифрлық технологиялардың арқасында қауіпсіз әрі жайлы қалаға айналып келеді

Бүгін 16:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);