Жарысқа 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
9 қыркүйекте Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде дүниежүзілік тоғызқұмалақ күніне арналған турнир өтті. Іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, жарысты Алматының Тоғызқұмалақ спорты федерациясы өткізді. Бұл туралы қалалық спорт басқармасының өкілдері хабарлады.
Жарысқа 200-ге жуық адам қатысты. Турнир рапид форматында бес тур бойынша өтті. Қатысушылар бірнеше жас санатында, сондай-ақ қала тұрғындары мен Алматы құрамасы өкілдері арасында бақ сынады.
Жеңімпаздар:
9 жасқа дейінгі қыздар арасында — Қуатбек Жансая;
9 жасқа дейінгі ұлдар арасында — Аңсаған Мұхаммед-Салих;
11 жасқа дейінгі қыздар арасында — Нұрғұлжа Гаухар;
11 жасқа дейінгі ұлдар арасында — Рысбек Бақыткелді;
13 жасқа дейінгі қыздар арасында — Бағланқызы Аянат;
13 жасқа дейінгі ұлдар арасында — Дүйсен Нұрасыл;
қала тұрғындары арасында — Сайлаубек Сейсенбайев;
Алматы құрамасы өкілдері арасында — Жарқынбек Әйгерім.
Барлығы сегіз санат бойынша 32 жеңімпаз бен жүлдегер анықталды. Турнир қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық зияткерлік ойынды кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың тоғызқұмалаққа қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Айта кетейік, Алматыда 400-ге жуық бала тоғызқұмалақпен кәсіби түрде айналысады.