конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне ор...

Алматыда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай арнайы көрме өтеді

Не? Қайда? Қашан? 28.02.2025, 11:54 910
Алматыда Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай арнайы көрме өтеді
Сурет видео скрині

2025 жылғы 1 наурызда Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) азаматтық қорғаныс саласындағы маңызды іс-шара өткізеді. "Астана" алаңында ұйымдастырылатын көрме барысында өрт сөндіру, құтқару және медициналық құрал-жабдықтар көпшілік назарына ұсынылады. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Көрмеге келген қала тұрғындары мен қонақтары Алматының авариялық-құтқару күштерінің мүмкіндіктерімен таныса алады. Сондай-ақ, арнайы ұйымдастырылған далалық госпитальда медициналық қызметкерлер шұғыл көмек көрсету бойынша мастер-класс өткізеді. Оқыту барысында дене жарақаттары бар манекендерде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері көрсетіледі.

Көрме аясында құтқару және медициналық техника, жабдықтар да көрермендерге ұсынылады. Сонымен қатар, жер сілкінісін сезіну тренажері жұмыс істейді. Бұл ұтқыр платформа жер сілкінісінің көлденең және тік дүмпулерін шынайы түрде бейнелейтін үй бөлмесінің макетін көрсетеді.

Азаматтық қорғаныс көрмесінің ерекшеліктерінің бірі – 90 метр биіктіктен құтқаруға арналған Қазақстандағы ең биік иінді көтергішті тамашалау мүмкіндігі. Бұл жабдық биік ғимараттардағы төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған және техникалық жабдықталу деңгейін айқындайды.

Бұл іс-шара азаматтық қорғаныс пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) Бас Ассамблеясының шешімімен 1990 жылдан бастап жыл сайын 1 наурызда аталып өтеді.

Қазақстан 1996 жылы ХАҚҰ мүшелігіне кіріп, халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау бағытында халықаралық деңгейде белсенді ынтымақтастық жасап келеді.

Қала тұрғындары үшін бұл шара қауіпсіздік саласындағы маңызды ақпаратпен танысуға, құтқару қызметтерінің жұмысын көруге және төтенше жағдайларға дайын болуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Астана алаңы #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Спорт күніне орай спорт саласы өкілдерін марапаттау жалғасуда

Бүгін 20:50

Алматыда қала студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды

Бүгін 20:44

Магистратура гранттарының нәтижесі 24 тамызда жарияланады

Бүгін 16:34

Кредит төлеу тәсілін клиент таңдай алады

Бүгін 15:21

Қазақстанның IT-қызметтер экспорты бес жылда шамамен 34 есеге өсті

Бүгін 14:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);