Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда демалыста өткен жәрмеңкелерге жарты милли...

Алматыда демалыста өткен жәрмеңкелерге жарты миллион адам қатысты

Барлығы 20.06.2025, 12:10 730
Алматыда демалыста өткен жәрмеңкелерге жарты миллион адам қатысты
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда өткен демалыс күнгі жәрмеңкелерге жарты миллион адам қатысты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. 

Жыл басынан бері Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңкелерге қаланың 550 000-нан астам тұрғыны мен қонақтары қатысты. Апта сайынғы уақытша сауда алаңдарында Алматы мен Алматы облысының 320-дан астам ауыл шаруашылығы өндірушілері мен фермерлері 1000-нан астам азық-түлік тауарларын ұсынады. Олардың ішінде көкөністер, жемістер, ет, сүт өнімдері, азық-түлік, жұмыртқа, шұжық, бал, нан-тоқаш өнімдері мен тәттілер бар. Өнімдер жәрмеңкеге делдалдарды айналып өтіп, тікелей фермерлер мен өңдеуші кәсіпорындардан әкелініп отырады, бұл қол жетімді бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Жәрмеңкелердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады. Жәрмеңкелерді ұйымдастырушы — «Алматы» ӘКК» АҚ — жалға алушылар ұсынған бағаларды сақтау мақсатында сауда нүктелеріне тұрақты мониторинг жүргізеді.
​Демалыс күнгі жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 08.00-ден 18.00-ге дейін мегаполистің бес ауданында өтеді:

​• Алатау ауданы — «Мәдениет» ТҮК

• Алмалы ауданы — Масанчи көшесі, Гоголь көшесі мен Әйтеке би көшесі арасында

• Әуезов ауданы — Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы

• Бостандық ауданы —   Қазақфильм ықшам адуаны, Исиналиев көшесі

• Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары, Бектұров көшесінің бұрышы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке #Алматы #демалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49

Алматылықтардың зәресін алған қыздар елден шығарылды

Бүгін 10:14

Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін 09:11

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Кеше 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика