AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда дәрігерлер жол апатына ұшыраған науқасты...

Алматыда дәрігерлер жол апатына ұшыраған науқасты аяғына тұрғызды

Барлығы 25.02.2026, 09:08 538 Сұлу
Алматыда дәрігерлер жол апатына ұшыраған науқасты аяғына тұрғызды
Алматы әкімдігі

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жол апатына түсіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген науқасқа аса күрделі жоғары технологиялық хирургиялық ота сәтті жасалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Науқас стационарға ауыр жарақатпен — сан сүйегі басының жабық сыну-шығуымен және жамбас ойығының (вертлужды ойықтың) сынуымен түскен. Бұл жарақаттар травматологиядағы ең ауыр санатқа жатады және аяқ-қолдың тірек қызметінен айырылу, сондай-ақ мүгедектік қаупін айтарлықтай арттырады.

Науқастың жағдайы тұрақтандырылған соң дәрігерлер шұғыл хирургиялық араласу жүргізу туралы шешім қабылдады. Медициналық топ техникалық тұрғыдан өте күрделі бір кезеңді ота жасап, металл құрылымдарды (пластиналар мен бұрандаларды) қолдану арқылы жамбас ойығының күмбезіне, қасаға және мықын сүйектеріне остеосинтез жүргізді. Ота травматолог-ортопед Дәулет Шүкмановтың жетекшілігімен, анестезиологтар командасының қатысуымен өтті.

Жамбас ойығының сынуына жасалатын хирургиялық оталар травматология мен ортопедия саласындағы ең күрделі араласулардың бірі саналады. Мұндай оталар жоғары дәлдікті, терең кәсіби білім мен үлкен тәжірибені талап етеді. Себебі жамбас-сан буынының анатомиялық құрылысы күрделі, ал ота аймағында ірі қан тамырлары мен жүйке талшықтары орналасқан. Бұл жағдайда дәрігерлердің негізгі міндеті — буын анатомиясын қалпына келтіріп, сүйек сынықтарын дәл бекіту және аяқтың тірек қызметін сақтау болды.

Дәрігерлердің жоғары кәсібилігі мен медициналық команданың үйлесімді жұмысының нәтижесінде науқас толық ем қабылдап, стационардан өз аяғымен шығарылды.

Науқас көрсетілген медициналық көмек, кәсіби шеберлік және денсаулығын қалпына келтіріп, толыққанды өмірге қайта оралуына мүмкіндік жасағаны үшін дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #Жол апаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық теннисші Томирис Нұржан ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 19:45

ШҚО-да үздік жас жол инспекторлары анықталды

Бүгін 19:41

Мағжан Жұмабаевқа арналған Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары студент жастарының халықаралық слеті өтті

Бүгін 19:28

Алматы инклюзивті орта құруға бет бұрды

Бүгін 18:30

Қалаға тарту болған вальс: түлектер Алмалы ауданын 90 жылдығымен құттықтады

Бүгін 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);