АЛМАТЫДА БҰҰ-НЫҢ ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

АЛМАТЫДА БҰҰ-НЫҢ ӨҢІРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ gov.kz

Халықаралық қауымдастық Президент бастамасын қолдады 

2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясының ашылуында Алматының дипломатиялық маңызы мен еліміздің Оңтүстік және Орталық Азиядағы рөлін ерекше атап өткен еді.  2021 жылы Ауғанстанда билік ауысқан кезде көптеген халықаралық ұйым өкілдері Алматыға қоныс аударды. Биылдан бастап елімізде БҰҰ-ның ресми өңірлік орталығы жұмыс істейтін болады. Халықаралық қауымдастық тарихында алғаш рет құрылымдық түрде аймақтық орталықтар жұмысын бастамақ.  Мақаламызда БҰҰ Өңірлік орталығының Қазақстан үшін маңызы мен мәнін талдаймыз.

Пилоттық жоба ретінде Орталық және Оңтүстік Азия елдері бойынша өңірлік орталық Алматы қаласында жұмыс істейді. Өңірлік орталықтың негізгі мақсаты – әлеуметтік-экономикалық даму мен тұрақты даму мәселелері бойынша БҰҰ күн тәртібіндегі бастамалардың жүзеге асуын қамтамасыз ету.  Қазақстан соңғы жылдары тек Орталық Азияда ғана емес, бүкіл Азия аймағында көпжақты дипломатияны сәтті жүзеге асырып, маңызды жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Атап айтқанда:

· БҰҰ Бас Ассамблеясында 193 елдің 152-cі қолдап дауыс берді.

· Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) бойынша Өңірлік орталығын құру туралы қарар алғаш рет жүзеге асып отыр.

· Алматыда жұмыс істейтін орталықтың әлемде өзге баламасы жоқ.

· Қазір елімізде  БҰҰ-ның 18 агенттігі жұмыс істеуде.

· Орталық халықаралық, өңірлік күш-жігерді үйлестірудің, озық тәжірибе алмасудың, техникалық көмек көрсетудің және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың басты алаңына айналады.

· БҰҰ ТДМ Орталығын құру – президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясында алғаш рет ұсынылған бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам.

 Аймақтағы тұрақты дамуға серпін бермек

Қазақстанда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталығының ашылуы – елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтып, өңірлік тұрақтылық пен экономикалық дамуға ықпал ететін маңызды бастама деп бағалай аламыз. Біріншіден, бұл орталық ұзақ мерзімді перспективада Орталық Азия мен Ауғанстандағы тұрақты дамуға серпін береді. Аймақ елдерінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды үйлестіруге мүмкіндік туғызады.                        Екіншіден, БҰҰ құрылымының Алматыда орналасуы Қазақстанды «орта держава» статусындағы ел ретінде дипломатиялық әлеуеті қалыптасқан мемлекет екенін көрсетеді. Үшіншіден, бұл қадам болашақта Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Мысалы, бұл бастаманың нәтижесінде басқа да халықаралық ұйымдардың өңірлік орталықтары мен мүдделі ұйымдар құрылымдары ашылып, Қазақстан тек Орталық Азияда ғана емес, тұтас Шығыста жаһандық дипломатияның орталығына айналуына мүмкіндік алады.                                               Сонымен қатар, бұл шешім еліміздің халықаралық институттармен байланысын бекемдеп, одан әрі жаһандық кеңістікке интеграциялануына негіз болып отыр. Бұл аймақтық бірлік пен ынтымақтастықты нығайтып, өзара келісілген үйлесімді саясат жүргізуге серпін беруі мүмкін. Ауғанстанды Орталық Азия үшін қауіп көзі емес, керісінше, көршілес, мүдделі ел ретінде ортақ экономикалық жобаларға тартуға болатынын көрсетеді. БҰҰ Өңірлік орталығы өзінің қызметі арқылы аймақтағы халықаралық институттармен бірлесіп орнықты дамуға ықпал ететін болады.

 Алматы маңызды дипломатиялық орталыққа айналады

Қазақстан 2017-2018 жылдары Орталық Азиядан алғаш реті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақ емес мүшелігіне өткен. Аталмыш кезеңде Қазақстан тұтас аймақтық мәселелерді БҰҰ төрінен көтеріп, жаһан жұртының назарын аударып, тиімді шешімін табуға ықпал еткен еді. Жаһандық қауымдастық тарапынан елімізге артылып отырған сенім, алдағы уақыттары Қазақстанды тұтас Еуразия даласында маңызды саяси шешімдер қабылданатын дипломатиялық астана атануға жол бастап отыр.

БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан Алматы қаласының таңдап алынуы сәйкестік деп ойламаймыз. Біріншіден, Алматы тәуелсіздік жылдарынан бастап маңызды халықаралық құжаттарға қол қойылып, елеулі халықаралық ұйымдардың саммитін өткерген қала. Екіншіден, Алматының географиялық орналасуы тұтас Орталық Азия мен Оңтүстік Азия аймағы елдерімен байланыс нық қалыптасуы. Үшіншіден, Алматының логистикалық, сауда және инвестициялық әлеуеті тұтас БҰҰ мүше елдер тарапынан Алматының дипломатиялық әлеуетін қалыптастырды.

Сонымен қатар, Алматы төрінде БҰҰ-ның өңірлік орталығының ашылуы қаламыз үшін де маңызды артықшылықтарымен бірге келеді. Тұтас аймақтық жобаларды жүзеге асыруда Алматының жаһандық ақпарат айналымында ықпалы мен маңызы артатыны айқын. Өңірлік хабтың басты мақсатының бірі БҰҰ, ең ауқымды жобаларының бірі Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасында көрсетілген мақсаттарды жүзеге  асыру.

Қазақстан аймақта ресми түрде әлемдегі ең ірі халықаралық ұйымның ресми орталығын орналастыру арқылы әлемдік қауымдастықтың өңірге қатысты көзқарасын өзгертуге қол жеткізіп отыр. БҰҰ-ның Алматыдағы орталығы жұмысының нәтижесінде тек Қазақстан бойынша ғана емес, сонымен қатар жаһан жұртының назарын тұтас Орталық Азия және Ауғаныстандағы мәселелерге аударуда маңызы ерекше екендігі айқын. Қазақстан бастамасының БҰҰ деңгейінде қолдау табуы, Алматы қаласын көпжақты дипломатияның орталығы ретінде болашақта ауқымды жобаларды жүзеге асыруда маңызын көрсетеді.

БҰҰ Өңірлік Орталығының құрылуы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады. Халықаралық ұйымдардың Алматыға шоғырлануы қаланы жаңа экономикалық орталыққа айналдырады, бұл өз кезегінде:

· Халықаралық қаржы институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың және трансұлттық корпорациялардың Алматыға қызығушылығын арттыратын болады;

· Жаңа жұмыс орындарының құрылуына және жоғары білікті мамандардың Қазақстанға келуіне тікелей ықпал етеді;

·  Ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды дамытуға серпін береді.

БҰҰ, Тұрақты даму бағдарламасында көрсетілген,  «жасыл экономикаға» көшу, «цифрландыру» және «инновациялық секторды дамыту» сынды бағытта еліміздің ұзақ мерзімді стратегияларымен үндес келеді.

Қаламыздың дипломатиялық әлеуетінің белгісіне айналған, БҰҰ Өңірлік орталығының ашылуы – еліміздің халықаралық беделін арттыратын, әлемдік қауымдастық тарапынан елімізге артылған сенім екендігі анық. 

Аталмыш алаң аясында болашақта Орталық Азия мен Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, ынтымақтастықты нығайтуға және стратегиялық шешімдер жүзеге асатын болады. Қазақстан «орта держава» ретіндегі ықпалы артып, көпжақты дипломатиядағы ықпалы күшеюі  тек еліміз үшін ғана, тұтас  Орталық Азия аймағы үшін маңызды геосаяси және экономикалық маңызға ие қадам деп білеміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:22

16:15

15:54

15:11

14:41

14:22

13:53

13:09

12:44

12:02

11:06

10:40

10:05

17:15

15:05

15:05

14:41

14:14

13:43

13:13

12:52

12:12

11:34

11:06

10:45