Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда борышкер жүргізушілер анықталуда

Алматыда борышкер жүргізушілер анықталуда

Заң мен тəртіп 14.06.2023, 12:30 1,178
Алматыда борышкер жүргізушілер анықталуда
Сурет: Polisia.kz

Алматы полициясы “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.


Оның мақсаты -  “Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік” қағидаттарын, жасалған құқық бұзушылық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және салынған әкімшілік айыппұлдарды өндірудің тиімділігін арттыру,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Іс-шараға МКД-нің қызметкерлері мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының сот орындаушылары тартылды. Автокөліктер қарқынды жүретін орындарға патрульдік полицияның көліктері жұмылдырылды. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері де кеңінен қолданылады, оның ішінде “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар борышкерлерді автоматты түрде есептейді.



«Іс-шара шектеу қойылған адамдар мен көлік құралдарын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңмен белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаған қаулылары бар борышкерлерді анықтауға бағытталған. Одан кейін тәртіп бұзушының көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылады. Келген жері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тәркілеу хаттамасы толтырылады. Ұсталған көлік құралын айыппұл тұрағынан шығару айыппұлдарды толық өтеген кезде ғана жүзеге асырылады», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.



Әкімшілік тәжірибе бөлімінің мәліметінше, іс-шара басталғаннан бері көлік иелерінде 35,5 млн теңгеден астам төленбеген айыппұлдары бар 44 көлік құралы ұсталды және айыппұл тұрағына орналастырылды. 5,6 млн теңгеден астам сомаға салық берешегі мен шектеулері бар 23 көлік құралы да айыппұл тұрағына орналастырылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Борышкер #жүргізушілер #іс-шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика