Алматыда 6–14 қыркүйек аралығында жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында бокстан қала чемпионаты өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жарысқа Алматыдағы спорт мектептері мен клубтардың тәрбиеленушілері қатысады. Чемпионат қорытындысы бойынша тиісті жас санаттарында қаланың құрама командасына кіретін үздік спортшылар анықталады.
2011–2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында:
6 қыркүйек, сағат 12:00 – ашылу салтанаты;
10 қыркүйек, сағат 12:00 – финалдық жекпе-жектер.
2009–2010 жылдары туған жастар және ересектер арасында:
11 қыркүйек, сағат 12:00 – ашылу салтанаты;
14 қыркүйек, сағат 12:00 – финалдық жекпе-жектер.
Чемпионат Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы бокс федерациясының қолдауымен өткізіледі.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін чемпионатты ақпараттық тұрғыда қолдауға шақырамыз.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Ақсай-1 шағынауданы, 10-үй, Жоғары спорт шеберлігі мектебі.
Аккредиттеу бойынша байланыс:
Анар
Тел.: +7 707 240 7744