Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында Жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 1 864 фактісі анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Алматы қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.
Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 169 өрескел бұзушылық бар.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
* көлік құралын мас күйінде басқару – 5;
* жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен (МТНБ) көлік құралын басқару – 4;
* қарсы қозғалыс жолағына шығу – 8;
* маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашки») – 74;
* қауіпсіздік белдігін тақпау – 52;
* көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 16.
Сонымен қатар, 11 көлік құралы арнайы тұраққа орналастырылды.