AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда бір мезгілде 80 шыршаның шамы жағылады

Алматыда бір мезгілде 80 шыршаның шамы жағылады

Не? Қайда? Қашан? 20.12.2024, 09:10 1,091
Алматыда бір мезгілде  80 шыршаның шамы жағылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Роза Рымбаева және басқа да эстрада жұлдыздары Алматының бас шыршасының шамдарын жағу кезінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бүгін Алматыдағы барлық 80 шыршаның шамдары 19:00-де жағылады. Бас шыршаның шамын жағу рәсімі Абай атындағы алаңда өтеді. Биіктігі 25 метр болатын шыршаны безендіру үшін 6 шақырым гирлянда, сәндік элементтер, шырша шарлары, ірі банттар және қайта өңделген экологиялық қауіпсіз материалдардан жасалған жаңа жылдық ойыншықтар пайдаланылды.

Шырша шамдарын жағу рәсіміне дейін, сағат 18:00-де Абай алаңындағы Республика Сарайының алдында «Алматының 8 кереметі: отбасылық мереке — таңғажайып Жаңа жыл» атты ауқымды шоу басталады. Іс-шарада Роза Рымбаева, Тұрар, Балжан Бидаш, «Альфа» тобы, Динара, Назым Әділдина, Мәди Рымбаев, Dakelot, «Астра» тобы, Adill және Malika Yes және басқа да эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді (кіру тегін).

Абай алаңына келген қала тұрғындары мен қонақтарын Күлбике күймесі, Зімбір адам және басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алады. Ірі әрі жарқын фотозоналар, жарқыраған субұрқақтар және басқа да инсталляциялар халыққа ерекше мерекелік атмосфера сыйлайды. Іс-шараға келген қонақтар естелік фотосурет жасап, жаңа жылдық бейне түсіре алады. 

Сонымен қатар, Абай алаңында 2024 жылдың 20 желтоқсанынан 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін мерекелік жәрмеңке өтеді. Мұнда қолөнер бұйымдары, кәдесыйлар және жаңа жылдық ойыншықтар ұсынылады. 

Сағат 18:00-ден бастап мерекелік іс-шаралар қаланың 8 ауданында да өтеді:

Алатау ауданында – «Алатау» дәстүрлі өнер театрының аумағында (Нұркент шағын ауданы, 6).

Алмалы ауданында – Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының аумағында (Абылай хан даңғылы, 38).

Әуезов ауданында – Н.Сац атындағы мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрының аумағында (Шаляпин көшесі, 22).

Бостандық ауданында – «Атакент» көрме орталығының алаңында (Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысы).

Медеу ауданында – Dostyk Plaza сауда ойын-сауық орталығының аумағында және Достық даңғылы, 85а/1 мекенжайында.

Наурызбай ауданында – Амфитеатр алаңында (Шұғыла шағын ауданы, 347).

Түрксіб ауданында – №6 Оқушылар үйінің аумағында (Сейфуллин даңғылы, 13/1).

Жетісу ауданында – Айнабұлақ шағын ауданындағы Арбатта (Мақатаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысы).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шырша #Жаңа жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09

Сопылық және заманауи қауіпті ағымдар: руханият пен экстремизм арасындағы шекара

Бүгін 17:04

Павлодарда боранда көліктерге жол көрсетіп, 4 шақырым жаяу жүрген әйел марапат алды

Бүгін 17:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика