«Адал қоғам» жобасын іске асыру аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған Public Talk ұйымдастырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Іс-шара Satbayev University базасында «Жастардың азаматтық белсенділігі: бастамашылдық пен жауапкершіліктің арақатынасы» тақырыбында өтті.
Кездесу барысында жастардың қоғамдық өмірдегі рөлі, мемлекеттік бастамалар, қаржылық сауаттылық, алаяқтықтың алдын алу және білім беру ортасындағы буллинг мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында сарапшылар сөз сөйлеп, өзекті бағыттар бойынша ақпарат ұсынды. Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығы директорының орынбасары Әл-Фараби Болатжан жастардың қоғамдық өмірдегі рөлі мен «Адал азамат» қағидатына тоқталды. Алматы қаласы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздік мәселелерін түсіндірді. Satbayev University Психологиялық қызметінің басшысы, халықаралық CADAP тренері Айгерим Сулейменова буллингтің алдын алу және психологиялық тұрақтылық тақырыбын қозғады.
Талқылау қорытындысы бойынша жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру бойынша пікір алмасу өтті.