Алматыда балаларға «Келешек мектептері» жобасы бойынша жаңа мектептер қандай болатынын көрсетті

  • 18:47, 09 шілде 2025
Алматыда балаларға «Келешек мектептері» жобасы бойынша жаңа мектептер қандай болатынын көрсетті Алматы әкімдігі

Болашақ оқушыларды ата-аналарымен бірге «Келешек мектептері» президенттік жобасы бойынша салынған жаңа мектептерге ашық есік күніне шақырды. Олар №214 Наурызбай ауданындағы «Нұрлы дала» ТК жанында және №216 Алмалы ауданындағы Райымбек даңғылы, 210 мекен-жайында орналасқан жаңа мектептердің жайлылығы мен жабдықталу деңгейін бағалай алды.

Жоба бойынша мектептердің әрқайсысы 1,5 мың орынға есептелген, үш қабатты ғимараттың әрқайсысының ауданы шамамен 14,6 мың шаршы метрді құрайды, бұл үлгілік мектептердің стандартты параметрлерінен 20%-ға артық. Мектептердің корпустары білім деңгейлері бойынша бөлінген: оң қанаты бастауыш мектепке бөлек кіреберіспен, екі шағын спортзалмен және оқшауланған сыныптармен, сол қанаты орта және жоғары сынып  оқушыларына арналған, ал орталық бөлігінде 326 орындық асхана мен акт залы орналасқан.

«Балалар қуанатынына сенімдімін, әсіресе олар бір ауысымда оқитыны  қуантады. Бізге, мұғалімдерге де бәрі ұнайды, біз соңғы кезеңдерге қатыстық - кабинеттер мен дәліздерді безендіруге арналған бояулар палитрасын, акт залы мен зертханаларға арналған материалдарды таңдадық, ал Мердігер біздің идеямызға  қолдау  көрсетті. Қауіпсіздік мақсатында ғимарат бейнебақылау жүйесімен және дабыл батырмаларымен жабдықталады», - дейді №214 мектеп директоры Света Ахметова.

Балалар көргендеріне қатты қуанды, енді олар оқу жылының басталуын асыға күтеді.

«Бұл өте заманауи және ерекше мектеп, мен тіпті армандаған емеспін! Мұнда төрт спорт залы, арнайы зертханалар бар. Қуатты компьютерлер мен ыңғайлы парталар. Тіпті робототехникаға арналған сыныптар бар, ал қабаттарда тіпті ауыз су бұрқақтары бар. Бізде тіпті оқулықтарды сақтауға арналған жеке шкафтар болады. Ал сыртта заманауи спорт алаңдары бар. Жалпы, біз қуана-қуана оқитын боламыз. Осындай керемет мектеп үшін құрылысшыларымызға рахмет!»,- дейді таңданыспен 11 сыныптың оқушысы Ахметәміре Бура. 

Бас мердігер - BCN Group компаниясы - бүгін Алматыда төрт мектепті пайдалануға берді, тағы бесеуі 1 қыркүйекке дейін есігін айқара ашады. Олардың жалпы сыйымдылығы - 16500 орын.

 Компания сендіргендей, мегаполистегі барлық мектептер сапа мен сейсмикалық қауіпсіздіктің ең жоғары талаптарына сәйкес келеді.

«BCN Group қол қойылған келісімшарттар шеңберінде жұмыс істейді және объектілердің сапа стандарттары мен тапсыру мерзімдерін қатаң сақтайды. Сонымен қатар, біз құрылысты тездету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Тапсырылған төрт мектептен басқа, біз Алматыда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырыс берушісімен келісімшарт бойынша 2025 жылғы желтоқсанда тапсырылуы тиіс тағы бес мектепті мерзімінен бұрын пайдалануға беруге міндеттеме аламыз. Алайда, Жобаның үлкен әлеуметтік және қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, біз салған жаңа оқу орындары балалардың жайлы жағдайда оқуы үшін 1 қыркүйекке дейін есігін айқара ашады», - деп атап өтті BCN Group компаниясының өкілі, объектінің басқарушы директоры Ғалымжан Тілемісов.

Оқу орындарының директорлары Компанияның атына алғыс хаттар жолдады, онда мектептер сапа және функционалдылық стандарттарына сәйкес келетінін атап өтті: заманауи жабдықтармен жабдықталған, мамандандырылған кабинеттері, ыңғайлы жиһаздары, кең спорт залдары және толыққанды акт залдары бар екенін айта кетті.

 «Іргелес аумақты абаттандыруға ерекше назар аударылды - Спорт және ойын алаңдары, футбол алаңы мен ашық демалыс аймақтары тек оқуға ғана емес, сонымен қатар әр баланың жеке басының үйлесімді дамуына жағдай жасайды. Құрылыс бекітілген кестеге және нормативтік талаптарға толық сәйкес аяқталды. Жауапты және кәсіби жұмысыңыз үшін, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін және өскелең ұрпақ үшін жайлы білім беру ортасын құрғаныңыз үшін алғыс айтамыз», - делінген осындай хаттардың бірінде.

BCN Group компаниясы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тапсырысы бойынша мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Келешек мектептері» («Жайлы мектептері») ұлттық жобасы аясында жалпы сыйымдылығы 29500 орындық 16 мектеп салу бойынша бас мердігер болып табылады. Оның ішінде төртеуі Астанада, тоғызы Алматыда, екеуі Түркістан облысында және біреуі Ақтөбеде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:01

18:47

18:28

18:20

17:25

17:19

16:46

16:33

16:23

16:17

16:13

15:50

15:41

15:34

15:09

15:00

14:52

14:37

14:04

13:45

13:42

13:19

12:24

12:22

12:11