конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Балаларды қорғау күні аясындағы іс-шарала...

Алматыда Балаларды қорғау күні аясындағы іс-шаралар жалғасуда

Алматы 12.06.2026, 14:25 238
Алматыда Балаларды қорғау күні аясындағы іс-шаралар жалғасуда
Алматы қаласы мәслихаты

Акция барысында 40 балаға отбасылық демалыс саябағына баруға арналған сертификаттар мен балмұздақ табысталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында «AMANAT» партиясы аз қамтылған және әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге бағытталған қайырымдылық акцияларын жалғастыруда.

Кезекті іс-шара Алматы қаласында өтті. Акция барысында 40 балаға отбасылық демалыс саябағына баруға арналған сертификаттар мен балмұздақ табысталды. Бұл балаларға жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге, жаңа әсерлер алып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға мүмкіндік берді.

«AMANAT» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаты Болат Ибрагимұлының айтуынша, балаларды қолдау және олардың сапалы демалысына жағдай жасау партия жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.

«Балалық шақ қуанышқа, жарқын әсерлерге және қамқорлыққа толы болуы тиіс. Әсіресе қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына ерекше көңіл бөлу маңызды. Біз әрбір баланың қоғамның қамқорлығы мен ықыласын сезініп, жазғы демалысын қызықты өткізуіне мүмкіндік жасауға ұмтыламыз. Осындай акциялар балаларға қуанышты сәттер мен жақсы естеліктер сыйлайды», – деді Болат Ибрагимұлы.

Балаларды қолдауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған «AMANAT» партиясының әлеуметтік бастамалары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Бүгін 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Бүгін 15:50

Ұлттық ғылым академиясы KazNARU базасында Қытай ғылым академиясымен бірлескен One Health зерттеулер орталығын ашты

Бүгін 15:47

Air Astana Қазақстанда бірінші болып DHL GoGreen Plus сертификатын алды

Бүгін 15:39

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Бүгін 14:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);