AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Алматыда Әзербайжан мен Армения сыртқы істер минис...

Алматыда Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің келіссөзі аяқталды

Саясат 12.05.2024, 10:45 927
Алматыда Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің келіссөзі аяқталды
Сурет: 1news.az

Алматыда Әзербайжан мен Армения республикасының сыртқы істер министрлері Джейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян арасындағы келіссөз аяқталды.

Екі тарап ашық мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты. Бұл туралы Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрліктері хабарлады.
Дипломаттар Алматы Достық үйінде өткен келіссөз екі мемлекет арасында бейбітшілік орнату туралы екіжақты келісім жобасын талқылауға көмектескенін атап өтті.

«Министрлер мен олардың делегациялары Әзірбайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы екіжақты келісім жобасының ережелерін талқылады. Тараптар әлі де келісілмеген мәселелер бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті», - делінген Әзірбайжан СІМ мәлімдемесінде.

Министрлер делимитация бойынша ілгерілеуді, сондай-ақ осы бағытта қол жеткізілген келісімдерді құптады.

«Сапар барысында министрлер Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен жеке және үшжақты форматта кездесті», - делінген хабарламада.

Екі мемлекеттің сыртқы істер ведомстволарының басшылары Джейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян келіссөз алаңын ұсынған Қазақстанға алғыс білдірді.

Еске салайық, 10 мамыр күні Әзербайжан мен Арменияның cыртқы істер министрлері келіссөз жүргізуге Алматыға келген болатын. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Әзірбайжан #Армения #сыртқы істер министрлері
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);