AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына...

Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады

Мәдени Алматы Бүгін 15:19 42
Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады

Алматыда 22 қазанда аты аңызға айналған қазақстандық «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция салтанатты түрде ашылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа арт-нысан Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінің арасындағы жаңартылған Масанчи көшесінде орнатылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері хабарлады.

Инсталляция әйгілі музыкалық ұжым мүшелерінің жиынтық көркем бейнесін сипаттайды. Композиция металдан авторлық ерекше техникамен жасалған. Құрылымның биіктігі – 1,8 метр, ені – 3,5 метр.

Арт-нысанның басты ерекшелігі – интерактивті аудиожүйе. Арнайы батырманы басу арқылы кез келген адам «Дос-Мұқасан» тобының танымал әндерін тыңдай алады. Осылайша, инсталляция қала кеңістігін көркемдейтін нысан ғана емес, ашық аспан астындағы өзіндік музыкалық алаңға айналады.

Инсталляция орнатылатын орын музыкалық ұжымның Алматымен тығыз байланысты тарихы ескеріле отырып таңдалған. 1967 жылы Қазақ политехникалық институтының студенттері Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев және Александр Литвинов вокалды-аспаптық ансамбль құрды. Кейін бұл ұжым Қазақстандағы ең танымал музыкалық топтардың біріне айналды.

Инсталляцияны орнату Масанчи көшесін көркейту тұжырымдамасы аясында қарастырылған. Мұнда қала мәдениеті мен шығармашылығына басымдық берілген гастрономиялық кеңістік қалыптасып жатыр. Жаңа арт-нысан жаңартылған көшенің көрікті орындарының біріне айналып, отандық музыка тарихы мен оның Алматымен байланысын еске салады.

Арт-инсталляцияның ашылу рәсімі 22 қазанда сағат 14:00-де өтеді. Іс-шара барысында құрметті қонақтар сөз сөйлеп, арт-нысан ресми түрде ашылады, музыкалық бағдарлама да жоспарланған. «Дос-Мұқасан» тобының танымал әндерін Satbayev University студенттік филармониясының Meir BAND ансамблі орындайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дос-Мұқасан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Ақтөбе – Ұлғайсын» жолы учаскесінің ашылу рәсіміне қатысты

Бүгін 16:31

Алматыдағы Тау Самалы шағынауданының 6 500-ге жуық тұрғыны орталықтандырылған су жүйесіне қосылады

Бүгін 16:11

Тәртіп пен тазалық – ұлттық идеологияның алтын діңгегі

Бүгін 15:59

Ешкіөлмес бөктерінен жеткен жылу

Бүгін 15:20

Ауқымды құрылыс бағдарламасы: Шығыс Қазақстан облысында медициналық және жол-көлік нысандарының құрылысына 105 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);