"Ашық қадам: ата-ана мен мектеп" атты ата-аналарға арналған педагогикалық консилиум өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
224 “Келешек” мектебінде ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім сапасын арттыру және оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында маңызды педагогикалық консилиум ұйымдастырылды.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, педагогтер, сынып жетекшілері және ата-аналар қатысып, оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі, психологиялық ахуалы, қауіпсіздігі және білім сапасына әсер ететін негізгі факторлар жан-жақты талқыланды.
Мектеп әкімшілігі мен педагогтер сапалы білім мен саналы тәрбие – бірлескен жұмыстың нәтижесі екенін атап өтіп, ата-аналармен ашық диалог орнатты.
Кездесу барысында нақты ұсыныстар айтылып, бірлескен шешімдер қабылданды.
Алматыда ата-аналарға арналған педагогикалық консилиум өтті