AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскел...

Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелер қалпына келтіріліп жатыр

Алматы 21.07.2026, 14:19 313
Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелер қалпына келтіріліп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелер қалпына келтіріліп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда жүргізілген мониторинг нәтижесінде анықталған арық желісінің 124 проблемалы учаскесінің 80-інде жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл туралы Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері айтты.

Басқарма мәліметінше, қазіргі таңда 28 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасып жатыр. Ал қалған 16 учаскеде қажетті жұмыстарды жүргізу жоспарланған.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, арық желісінің жай-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Биыл қала аумағында барлығы 124 ақауы бар учаске анықталған.

Алматыдағы арық желісінің жалпы ұзындығы 1525 шақырым. Оның 1259,4 шақырымы көше-жол желісі бойымен өтсе, 265,6 шақырымы жасыл аймақтар мен тұрғын үй аулаларына тиесілі. Арықтарды тазарту жұмыстары күн сайын жүргізіледі, әсіресе су басу қаупі жоғары аумақтар басты назарда.

Нөсер жауынның салдарын барынша азайту мақсатында қала қызметі күн сайын «Қазгидромет» РМК ұсынатын ауа райы болжамын негізге алады. Бұл коммуналдық қызметкерлер мен арнайы техниканы қауіп төнуі мүмкін учаскелерге алдын ала жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Қажет болған жағдайда Төтенше жағдайлар департаментінің мотопомпалары мен Жұмылдыру дайындығы басқармасының Құтқару қызметінің техникасы іске қосылады.

«Арық желісін тазалау, жөндеу және жаңғырту жұмыстары жалғасады. Қабылданып жатқан шаралар су бұру жүйесінің өткізу қабілетін арттырып, қала аумағын су басу қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді», – деді Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Арық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық AGRON агротехника нарығын цифрландыруды көздейді

Бүгін 19:27

Алматыда бокстан қала чемпионаты өтеді

Бүгін 18:45

Алматыда экологиялық және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтеді

Бүгін 18:43

Алматының жас сәулетшілері мен дизайнерлері қалалық макеттер байқауына қатысуға шақырылады

Бүгін 18:42

Алматыдағы Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мыңға жуық полиция қызметкері кезекшілік атқарады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);