конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда алты айда 270 заңсыз тексеру анықталды

Алматыда алты айда 270 заңсыз тексеру анықталды

Заң мен тəртіп Кеше 17:41 100 Сұлу
Алматыда алты айда 270 заңсыз тексеру анықталды

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматыда мемлекеттік органдар тарапынан жүргізілген 270 заңсыз тексеру анықталды. Оның 216-сы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты болған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бизнесті негізсіз тексерулерден қорғауда Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі маңызды рөл атқарады. Ақпараттық жүйеде мемлекеттік бақылау нысандары туралы мәліметтер қамтылып, тексеру актілері электронды түрде тіркеледі. Бұл мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етіп, заңсыз тексерулердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Заң талаптарына сәйкес, профилактикалық бақылау немесе тексеру басталғанға дейін тиісті акт тексерілетін субъектінің немесе нысанның орналасқан мекенжайы бойынша уәкілетті органда тіркелуге тиіс.

«2026 жылдың алғашқы алты айында Алматы қаласы бойынша 9 812 тексеру тағайындау актісі тіркелді. Оның 6 710-ы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты. Қадағалау нәтижесінде 270 заңсыз тексеру анықталды. Оның ішінде 255 тексеру құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында тіркелмей, ал 15 тексеру белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген», – деді ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бөлім прокуроры Болатхан Еламан Ардақұлы.

Оның айтуынша, заңсыз тексерулердің 216-сы бизнес субъектілеріне қатысты болған. Атап айтқанда, тіркеусіз жүргізілген тексерулердің 203-і, ал белгіленген тәртіп бұзылған тексерулердің 13-і жеке кәсіпкерлерге қатысты.

«Бизнес субъектілерін бақылаушы органдардың заңсыз араласуынан қорғау мақсатында департамент 32 жағдайда тексеру тағайындау актісін тіркеуден бас тартты», – деді Болатхан Еламан Ардақұлы.

Кәсіпкерлер өздеріне қатысты тексерудің заңды түрде тіркелгенін qamqor.gov.kz ақпараттық порталы немесе Qamqor мобильді қосымшасы арқылы тексере алады. Сондай-ақ қосымшада алдағы тексерулер туралы хабарламалар қолжетімді.

Qamqor мобильді қосымшасын App Store және Google Play дүкендерінен жүктеуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Заң мен тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы онкологиялық орталығында Ашық есік күні кезінде науқаста бауыр қатерлі ісігіне күдік анықталды

Кеше 22:21

Бас прокуратура комитеті қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

Кеше 17:48

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі

Кеше 17:35

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Кеше 17:06

Тоқаев Испания Королі VI Фелипені құттықтады

Кеше 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);