Алматыда қала әкімдігінің ұйымдастыруымен ауқымды музыкалық жоба — Almaty Summer Fest өтіп жатыр. Ашық аспан астындағы концерттер жаз маусымы бойы әр сенбі сайын ұйымдастырылып, қаланың басты мәдени алаңдарының біріне айналмақ, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Екінші фестиваль кеші осы сенбіде дәстүрлі өнер театры «Алатаудың» алдындағы алаңда өтті. Мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін танымал қазақстандық орындаушылардың қатысуымен мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды.
Сахнада Мадина Сәдуақасова, Ерке Есмахан, Бақыт Шадаева, Duman Marat, BAXA.SM, Өктем Алтаев, Абай Бегей, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Muzart Live, Нұрбақыт Қарағай, Kyle Ruh, ASTRA, Duisenbi, DIMOSH, MATIN, DIVA’S, KODI және DJ Akhmetoff өнер көрсетті.
Мерекелік кештің жүргізушілері Balausa мен Nursultan болды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жоба қаланың мәдени өмірін дамытуға, отандық өнерпаздарды қолдауға және алматылықтардың отбасымен демалып, бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы кеңістік қалыптастыруға бағытталған.
Almaty Summer Fest концерттер сериясы Алматының жаңа жазғы дәстүріне айналып, қала тұрғындары мен қонақтарын ашық аспан астындағы жарқын музыкалық кештерде тоғыс