конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Almaty Bar Shift атты бірегей гастрономия...

Алматыда Almaty Bar Shift атты бірегей гастрономиялық жоба өтіп жатыр

Барлығы 17.07.2025, 16:17 1,224 Сұлу
Алматыда Almaty Bar Shift атты бірегей гастрономиялық жоба өтіп жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда Almaty Bar Shift атты бірегей гастрономиялық жоба өтіп жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

14-20 шілде аралығында Орталық Азияда тұңғыш рет халықаралық бар мәдениетіне арналған маңызды іс-шара — Almaty Bar Shift ұйымдастырылып отыр. Бір апта бойы шаһар қонақжайлық саласындағы әлемдік трендтерді қалыптастыратын мамандар мен ерекше дәм іздеген тұрғындар мен қонақтардың басын қосатын алаңға айналды. Almaty Bar Shift жобасының авторлары Almaty Tourism Bureau және Shift Project.

Алматыға Вашингтоннан бастап Флоренцияға, Афинадан Кейптаунға дейінгі әлемнің түкпір-түкпірінен атақты коктейль апталығын ұйымдастыратын жандар келді. Олар қазіргі заманғы бар мәдениетінің бет-бейнесін жасайтындар. Әлемнің үздік барларының қатарына енген World’s 50 Best Bars, Top 500 және Michelin гиді сынды рейтингтерде мойындалған барлардың білікті бартендерлері алматылық бардың сөресіне шығып, өнерін паш етіп жатыр. 

Іс-шараның басты мақсаты Алматыны әлемдік бар картасына шығару, жергілікті бар индустриясының өкілдерін халықаралық кәсіби ортамен таныстырып, өзара тәжірибе алмасуға жағдай жасау және қаладағы сервис деңгейін жаңа биікке көтеру.

Бағдарлама күндізгі білім беру сабақтары мен кешкі қалалық іс-шараларды қамтиды. Күндіз сала мамандары үшін шеберлік сағаттары, дәрістер мен индустриядағы өзекті тақырыптарды талқылау ұйымдастырылады. Кешкісін танымал баршылар Алматының таңдаулы барында ашық қонақтар ауысымын өткізеді. Олар жергілікті өнімдерді пайдаланып, авторлық коктейлін дайындайды. 

«Гастрономиялық туризм — бүгінде әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Алматының бұл саладағы әлеуеті орасан зор. Мұндай жобалар арқылы біз қаламызды өңірдің гастрономиялық орталығы ретінде таныстырамыз. Мұнда әркім талғамына сай дәм мен атмосфера таба алады. Ең қуаныштысы, бізге шын мәнінде шешім қабылдайтын не оған ықпал ете алатын, баратын орындарды көпшілікке ұсынатын сарапшылар келіп отыр. Мұндай коллаборация мен бірлескен жобалар қаламызды Орталық Азиядағы жетекші гастрономиялық бағытқа айналдыруға жол ашады деп сенеміз», — дейді Almaty Tourism Bureau өкілдері.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай білім беру кездесулері мен тәжірибе алмасу арқылы Алматы әлемдік трендтерді қабылдап қана қоймай, өзіне тән бірегей жобаларды жасай алатын шаһарға айналып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);